2000 жылдың қазан айында БҰҰ мыңжылдық саммитінде БҰҰ мыңжылдық декларациясы қабылданды, ондағы белгіленген сегіз мақсаттардың бірі гендерлік теңдікті қолдау болып табылды.
Гендер (ағылш. gender) – қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендер биологиялық айырмашылыққа емес, қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді.
Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады.
Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.
Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. «Әке баласын тәрбиелейді, шеше ұлтты тәрбиелейді» деген қазақ мақалы бекер айтылмаған.
Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында.
Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде.
Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық – бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.
Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне төмендегілер жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабымен көтерілу, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғаммымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер және біздің мемлекетіміздің гендерлік саясаты, сонымен қатар, онымен байланысты отбасы, әйелдер және балалар, әйелдердің жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі мәселелері бойынша құқықтық база соның дәлелі.
Жітіқара ауданаралық әділет басқармасы