Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24 бабына сәйкес дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не өзі қызметкері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар береді.
Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Құрметті азаматтар, егер Сіздерден қорқытып ақша алатын, пара беруге мәжбүрлейтін, кәсіпкерлік қызметке кедергі болатын, байлық және басымдықтар ұсынатын болса немесе Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қандай да бір ақпаратты білетін болсаңыз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласыңыз. Қазақстан бойынша қоңырау шалу – тегін!
Жітіқара ауданаралық
әділет басқармасы