Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын 2020 жылдың 1 қыркүйек айында халыққа жария етті. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетттіміз деді. Бұл Жолдауда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жүзеге асыру, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты; қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, экологиялық және биологиялық әркелкілікті қорғау, Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, цифрландыру-барлық реформаның негізгі элементі, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы атты мәселелерді қамтыды. Мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастау керек деп атап көрсетті. Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құруды, мемлекеттік аппарат және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімдерін жеделдетуді тапсырды.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты. Сондықтан, 2021 жылдан бастап адамдар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне бере алады.
Өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетіні, «5-10-25» бағдарламасы жүзеге асырылатыны, ол үшін кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу үшін 390 миллиард теңге бөлінгені туралы айтылды.
Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыруды, ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін арттыруды, 2025 жылға дейін балалардың 100 пайызын балабақшамен қамтамасыз етуді тапсырды. Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек екендігін баса айтты.
Елдегі етек алған жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізілуі керек екендігін көрсетті. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы, білім саласына еңбек ақы көбейтіп мамандарға жан-жақты жағдай жасалтыны жөнінде атап өтті. Жолдауда барлық сала қамтылып нақты тапсырмалар берілді.
Жітіқара ауданаралық әділет басқармасы