Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттары

Әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы қызметтік этиканы сақтау болып табылады, ал қоғам мемлекеттік қызметшілер өздерінің білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайтын болады деп есептеуге құқылы.

Қызметтік этика нормаларын сақтаудың негізгі талаптары мен қағидаттары:

       - Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

       - мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

         - жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

        -  жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

     - мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

Қызмет этикасының нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлықтың және құқық бұзушылықтың түрлі түрлеріне жағдай жасайды, бұл өз кезегінде әр түрлі жаза түрлері түріндегі тәртіптік жазаға әкеп соқтырады, сондай-ақ халық алдында мемлекеттік қызметшінің моральдық келбетін төмендетеді.

 

 

Жітіқара ауданаралық әділет басқармасы

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы