Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуды бысты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді.
«Тіл мәдениеті» – ауқымды кең ұғым, алдымен, «мәдениет» деген сөздің өзі айтып тұрғандай, бұл, біріншіден, тілдің дұрыстығы, қолайлылығы, көркемдігі, жүйелілігі дегенді білдірсе, екіншіден, тілдің осы сипаттарымен жұмсалуын талап ету дегенді танытады. Бүгінде қазақ тілінің ағартушылық, қоғамдық, мәдени, рухани қызметі мен атқаратын жүгі арта түсуде. Бұл жүк оның көпшілікке түсінікті, баршаға ортақ және белгілі нормаларға бағынған сипатта жұмсалуын, яғни тіл мәдениетін талап етеді.
Бұл – тіл мәдениетінің бүгінгі танда әбден қиюы қашып бара жатқан саласы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына ие болуы бірде-бір тілді төмендетуге, шеттеуге емес, тек өзін-өзі көтеруге бағытталған. Қазақстанда тұратын өзге ұлттың өкілдері де қазақ тіліне құрметпен қараудың қажеттігін түсінді. Ана тіліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан дыбыс заңдылықтары, дыбыс үндесулері әр алуан себептермен бұзылып бара жатқаны айтылып та, жазылып та, көрсетіліп те келеді. Бұл жерде әңгіме кірме сөздердің қазақша қалай дыбысталуы жайында ғана емес, қазақтың төл сөздерінің сөйлеу барысында дұрыс айтылу сазы туралы да болуға тиіс. Адам тіл мәдениетін, тіл заңдылықтарын оқу-тәрбие арқылы, негізінен саналы түрде үйренеді, яғни әдеби тілдің қалыптасқан нормаларын, әсіресе, ана тілінің дұрыс жазу және сөзді дұрыс дыбыстау қағидаларын оқытып-үйрететін және ана тілінің сөздік байлығы мен көркемдік әлемінің жүйелік түрде танытатын орны – мектеп болатындықтан, оқушылардың тіл мәдениеті де мәслихат көздейтін мақсаттардың бірі деп саналмақ.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі күшін танытатын шараның бірі оның ресми іс-қағаздарында, күнделікті тұрмыс қажеттілігінде қолданылуы болып отыр. Бұл – кейінгі 60-70 жыл бойы күнделікті қоғам тіршілігінде орын ала алмаған сала. Демек, жұмыс енді басталып келеді, мұндай да норма, қалып-тәртіп, жүйелілік – қысқасы тіл мәдениеті болу керек. Жазу сауаттылығымыздың тағы бір мәселесі – тыныс белгілерін дұрыс қоюға да байланысты. Мәслихат бұл мұратты да көздейді. Сөйтіп, әлеуметтік қару ретінде тілдің, сөздің қуаты бүгінгі тіршілігімізде орасан артып отыр және әрі қарай да күшейе бермекші. Ол үшін осы қарудың замана талабына сай болуын насихаттау бүгінгі таңдағы өзекті шараларымыздың бірі деп танимыз. Тіл мәдениетіне ұлттық мәдениетіміздің бір саласы ретінде қарап, оны қастерлеп, дұрыстығы мен ортақтығын бекіте түсуге атсалысу – әлеуметтік ой пікіріміздің де, оқу-ағарту ісіміз бен ғылымымыздың да, бұқаралық ақпарат құралдары мен бүкіл жазба дүниеміздің де үлесіне тиетін парызы мен қам-қарекеті, сондай-ақ бұл әрбір азаматтың, жеткіншек жас ұланды тілеуге баулитын әрбір ата ана мен тәрбиешінің, мектеп мұғалімі мен институт ұстаздарының ізгі міндеті болу қажет.
Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқанындай, туған тіліміз - тұғырымыз, екенін әсте ұмытпайық, ағайын.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің ең маңызды тірегіне айнала берсін.
Әулиекөл ауданаралық
Әділет басқармасы