Меню

Страницы

Статья

Тәуелсіз Қазақстан: 30 жыл жетістіктің жолы!

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» ЗаңЫН қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.             

Конституция егемендіктің саяси және құқықтық негіздерін бекітіп, адамның өмірін, құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарының теңдігін мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жариялады. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің мызғымас негізіне айналды.                                        

Қазақстанда тиімді демократиялық институттар - президенттік институты, Парламент, сот жүйесі және белсенді азаматтық қоғам қалыптасты.                                                                                           

Елімізде жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге және бүкіл қоғамның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген тарихи маңызды экономикалық және саяси реформалар жүргізілді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің саясаты ұзақ мерзімге негізделді, қазақстандықтардың әл-ауқаты, өмірдің жоғары сапасына жүйелі де мақсатты ұмтылысы оның басты ұстанымдары болды және солай болып қала береді. Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына енді.          

Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп қойған "Қазақстан-2050" Стратегиясы жаңа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады. Мемлекет басшысының "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан, елімізде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіреді.                                                                                                        Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде, бұл меже барша қазақстандықтардың жеткен жетістігі мен жұмысының жемісін қорытындылайтын оқиға. Бұл-Тәуелсіздік! Бұл-Еркіндік! Бұл-бақытты мемлекет! Бабамыз аңсаған бостандық! Қазақстан-бағы жанған ел. Көк байрағы желбіреп, әлемге танылған ел.

Біздің еліміз- дамыған ел. Дамыған ел қатарына кіру үшін еліміз қаншама қиындықты басынан өткерді емес пе? Қазақстан үшін ең үлкен сынақ әлемдік дағдарыс болды. Бұл сынақтан да Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында шыққан едік. «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халықтар ғана қоя алады» деген Елбасының сөзінде ұлы салмақ жатыр. Өйткені, еліміз өзінің алдына ұлы мақсаттарды нақты қоя білді. Бүгінде Қазақстан қарыштап даму үстінде. Еліміз әлеуметтік жағынан өсу үстінде. Өнеркәсіптің дамуы, кәсіпорындардың ашылуы, жалақының өсуі бұған дәлел іспеттес.

Ата-баба аңсаған Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Осылай жайраңдап жүргенім, бақытты өмір сүргенім-Тәуелсіз елімінің арқасы. Менің сәби жүрегім Тәуелсіз елімнің болашағының жарқын, тәуелсіздігінің мәңгі болатынына сенеді.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын! Қазақстан әркез биіктерден көрінсін!

Арқалық  қаласының  ауданаралық  әділет басқармасы

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы