Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды заңдастырудың қарапайым тәсілі

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейін жақсарту, оларға қойылған міндеттердің дұрыс және тиімді орындалуына бағытталған сұрақтар Әділет органдарының қызметінде маңызды орын алатыны белгілі. Қостанай облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметтерінің бірі, Әділет органдармен, АХАЖ бөлімдермен және нотариустармен орындалатын ресми  құжаттарды апостилдеу болып табылады.

Қазақстандық құжаттардың басқа мемлекеттің аумағына шыққанда заңды күшінің болуы қажет. Олардың басты рәсімдерінің бірі, құжаттардың түпнұсқасының дұрыстығын, тиісті орындалуын растайтын арнайы "апостиль" мөрін қою болып саналады.

Апостильделген құжаты Гаага Конвенциясының мүшесі болып саналатын 140 мемлекеттің аумағында қолдануды мүмкіндік береді. Сондықтан құжаттардың түпнұсқасының дәлдігін растайтын басқа қосымша құжаттардың керегі жоқ.

Апостиль қою үшін қажет:

  • Құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» тапсырып, 1458,5 тенге мемлекеттік бажды төлеп, 2 жұмыс қүннін ішінде алуға болады.
  • Немесе электронды үкімет портал арқылы. Пилоттық жоба аясында мемлекеттік қызметті электронды түрде Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы алу іске асырылды. Рәсімдеу қиын емес – порталда тіркелу, электронды сұрау атыздарын толтыру және құжаттын скан-көшірмесін қоса тіркеу, мемлекеттік баж салығын төлеп сұранымды  электронды цифрлық қолтанбамен куәләндіріп жіберу. Әділет басқармасы мемлекеттік органның мөрінің оттискісін және лауазымды тұлғаның қолының сәйкестігін, сонымен қатар құжатқа қол қойған тұлғаның  ресми құжаттарға қол қою уәкілеттілігі бар жоғын тексереді.

Егер көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары ережелер талаптарына сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші  қоюға болатын электрондық құжаттағы электрондық Е-Апостиль АЖ арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және  ЕҮТ арқылы уәкілетті тұлғаның қол қойылған ЭЦҚ –ны мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін порталдағы көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» жібереді.

Апостиль қою туралы кеңес алу үшін Қостанай облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөліміне мына 53-59-20 телефон арқылы хабарласа аласыз.

 

Қостанай облысы Әділет департаментінің

тіркеу қызметі салысындағы әдістемелік

қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы