Меню

Страницы

Статья

Әділет органдары құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді

Әділет  органдарының  міндеттерінің  бірі  - заң көмегін ұйымдастыру,  көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету  болып  табылады.  Құқықтық мәдениет және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін,    құқықтық мәдениеттің жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын қамтамасыз етеді және кез келген заң бұзушылықтарға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуін қалыптастырады.Ол, ең алдымен, халықтың құқықтық санасының даму деңгейіне байланысты.

Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері құқықтық насихатты (қоғамдық заңдық білім беруді жандандыру) кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға бағытталады.

      Қазақстандық қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы кәсіптік даярлығына ерекше көңіл бөлінеді  және  мемлекет халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.

         Бұл  ретте, Қазақстан  Республикасы  Әділет министрлігінің  құқықтық  ақпараттық қызметі  халыққа  барлық  құқықтық  мәселелер бойынша   тегін  кеңестер береді,  119 нөмірі  бойынша (немесе WhatsApp желісінің +77086935631  мессенджері бойынша)  қолданыстағы  заңнамаларды  түсіндіру  бойынша  көмек  көрсетеді.

 

Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы