Меню

Страницы

Статья

Жолдау - стратегиялық бағыттарымызды айқындап берді

Еліміздің сыртқы және ішкі саясатын, даму бағытын Прези­дент айқындайды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ерекше атап өтуге болады. Өйткені еліміз үшін аса маңызды бұл құжатта Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне қатысты міндеттер нақты көрсетілді, мақсатымыз айқындалды.

Қазіргі таңда, Президент айт­­қандай, мемлекет алдында әлеуметтік-экономикалық тұрақ­­тылықты, орнықты дамуды, халықтың әлеуметтік ахуа­лын арттыруды, азамат­тарды жа­ңа жағдайларға бейім­деуді қам­тамасыз ету, ел бір­лігін, қауіп­сіздікті ны­ғайту, ұлтымыз­дың ру­хын көтеру басты міндет бо­лып тұр.

Аталған Жолдауда көрсе­тілген міндеттер күн тәрті­бі­не уақтылы әрі орынды қойы­лып отыр. Президент Қ.Тоқаевтың ел дамуының бар­лық саласын қамти отырып, стратегиялық бағыттарымызды айқындай түс­кен биылғы ке­зекті Жолдауы халықтың кө­кейінде түйінделіп, көптен шоғырланып, шешуін күтіп жүр­ген өзекті мәселелердің бі­разының жуық арада саяси аренада шешімін табатынына сенім ұялатқан құбылыс болды. Он бір тармақтан тұратын Жолдаудың бас­ты міндеті – мемлекеттік биліктің халық ал­дындағы жауапкершілігін арттыра отырып, қоғамның өткір талабына сай келетін ұтымды, нақты нәтиже беретін, елге пайдасы мол шешімдер қабылдауға жұмылдыру. Ол шешімдер мейлінше әділ болып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы және дарынды жастарға жол ашатын тиімді әлеуметтік са­тылардың орнығуына себеп болуы тиіс. Өйткені елімізде соңғы жылдары ұмыт бола бастаған әділетті қоғам қағидасы, заң үстемдігі, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру секілді ұғымдар жаңа тұрғыда айтылып отыр. Ай­тары жоқ, кез келген нарық­тық қағидаттарға негізделген қоғам тұрақты дамуы үшін  сол елдің белсенді, озық ойлы аза­маттарының қабілеті мен мүм­кіндіктерін толық пайдалануына мейлінше жағдай жасалуы керек. Ал оның кепілі – заң үстемдігі, сая­си биліктен тәуел­сіз сот жүйесі, тиімді аза­ма­ттық қоғам институттары және  кең ауқымда айты­латын мемлекеттегі саяси тұрақ­ты­лық. Елде осы аталған кате­гориялар қалыптасып,  билік пен қоғамның арасын­да тұрақты диалог орын ал­ған жағдайда ғана мемлекет тұрақты дамудың даңғыл жолына түсетіні рас және бұл – аксиома. Сондықтан да бұл Жол­дау осынысымен құнды.

Мемлекет басшысы өз сө­зінде Қазақстанның нақты бә­се­кеге қабілеттілігін жоға­ры­лату үшін барлық күш-жігер мен ресурстарды жұмылдыру, ұлт­тық мүддемізді берік қор­ғап, экономикада, әлеуметтік салада, экологияда ауқымды жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруды жалғастыру, әділетті және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілету сынды басқа да мін­дет­терді атады.

Айта кетейік, 2021 жылды «Тəуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялағаны белгілі. Осынау биік белес – тәуелсіздіктің отызыншы жылында халқымыз бұған дейін қол жеткізілген табыстарымыздың еселене түскеніне, түйткілді мәселелердің шешімін тапқа­нына ашық аспан, бейбіт күннің аясында куә бола бергей!

Арқалық қаласының ауданаралық

әділет басқармасы

Дата публикации
21 января 2021
Дата обновления
21 января 2021
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы