Меню

Страницы

Статья

Адам саудасына сақ болыңыз

Трафик –бұл адамның негізгі құқытарын бұзатын қылмыс-бұл енбек және жыныстық қанау мақсатында әйелдерді, ерлерді және кәмелетке толмағандарды заңсыз (заңсыз) әкету.

Трафик –зорлық-зомбылық немесе қызметтік жағдайды теріс пайдаланау, қарызға тәуелдік, алдау немесе мәжбүрлеудің басқа да нысандарды арқылы әйелдерді (немесе балаларды) тұратын еліне тартуға немесе оларды одан тыс жерлерге жұмыс немесе қызмет үшін тасымалдауға қатысты барлық іс-әрекеттерді білдіреді.

Трафике ұрлаузаңсыз бас бостандығынан айыру, зорлау, ұрып-соғу, мәжбүрлі еңбек немесе адамның негізгіқұқықтарын бұзатын басқа да әрекеттер кіруі мүмкін.

Шетелде жұмыс істегіңіз келсе, есіңізде болсын!

Шетелге аттанбас бұрын туғанө – туысқан , досжаран мен таныс – тамырларыңызға қандай мақсатпен қай мемлекетке кетіп бара жатқаңызды , онда қайда жұмыс істейтініңізді міндетті түрде айтып кетіңіз. Жақындарыңызға жұмыс берушінің мекен – жайы мен байланыс телефондарын хабарлаңыз. Интернеттен жұмыс берущі туралы барынша мол ақпарат жинап, оның қызмет аясымен танысқан жөн. Фирма, зауыт, мейрамхана, шаруа қожалығы болсын, яғни өзіңіз жұмыс істейтін жердің әлеуметтік желілердегі парақшаларын, сайтын қарап шығыңыз.

Жұмыс орналасқан мемлекетке келген кезде бірінші кезекте жергілікті көші – қон қызметтерімен хабарлап, жұмыс істеуге ресми рұқсат алыңыз . Болашақта бұл сізді жұмыс берушінің өзіңізге қатысты түрлі айла – әрекетке баруынан сақтайды.Әдетте заңсыз мигранттар еңбек құлдығы құрбанына айналып жатады. Еңбек мигранты ретінде ресми тіркелу біраз уақытты қажет еткенімен, мұның арқасында сіз болашақта өзіңізді түрлі қауіп – қатерден қорғап қаласыз.

Жұмыс берушімен еңбек шартына тұрыңыз! Мұны өзі ұсынбаса, сіздің өз тарапыңыздан талап еткеніңіз абзал. Келісім шарттың мерзімін, еңбек ету тәртібін және жалақы мөлшерін міндетті түрде белгілеуді ұмытпаңыз. Құжатқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығыңыз. Шарттың екінші данасын сақтап қалу керек.  Егер еңбек ақысы төленбей жатса, келесім шарт негізінде сіз сотқа жүгіне аласыз.

Жұмыс берушіге ешбір жағдайда ,ешқандай сылтаумен өз төлқұжатыңызды бермеңіз! Адам саудасымен айналысатындар ең алдымен түрлі себептерде басшылыққа ала отыра айламен төлқұжатты алып қояды да, жұмысшыны елден шығу мүмкіндігінсіз қалдырады. Жұмыс беруші немесе делдал сіздің жақсы танысыңыз, тіпті ,досыңыз болса да, оған төлқұжатыңызды бермеңіз.

Жұмыс орнын, ұжымды мүмкіндігінше жиі суретке түсіріп, оларды әулеметтік желілердегі парақшаларыңызға орналастыруға тырысыңыз. Егер де туыстарыңызбен байланысты тоқтатсаңыз, ғаламтордағы фотолар тәртіп сақшыларына сізді іздестіруге көмегін тигізеді

Бейімбет Майлин ауданарлық

әділет басқармасы

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
25 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы