Бүгінгі таңда әділет органдарының негізгі қызметінің бірі – коммерциялық емес заңды тұлғаларды, оның филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және таратылуын тіркеу болып табылады. Әділет органдары «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі №2198 Заңы мен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес әділет органдарынан коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын, сондықтан қазіргі таңда Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы тек коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырады. Ал коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыкоммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойыншабөлімдері тіркеуді жүргізеді.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1048 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, яғни Жангелдин және Амангелді аудандарының әділет басқармалары таратылып, қосылу жолымен Арқалық қаласының әділет басқармасына қосылып, қазіргі таңда республикалық мемлекеттік мекеме «Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы» болып аталды.
Бүгінгі таңда Жангелдин, Амангелді аудандарының және Арқалық қаласының коммерциялық емес заңды тұлғалары бойынша қандай да тіркеу деректерін Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы жүзеге асырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыкоммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдері арқылы заңды тұлғаларды, оның филиалдары мен өкілдіктерін алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде, заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеу кезінде, заңды тұлғаның таратылуы немесе филиалдың, өкілдіктің есептен шығарылуы кезінде және заңды тұлғаның мекен-жайы мен Ереже немесе Жарғы жаңа редакцияда қабылданған жағдайда ғана өтініштер қабылданады. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай: басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде хабарлама тәртібімен Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасына растаушы құжаттары беріле отырып хабарланады. Мұндай жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыкоммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдеріне өтінішпен жүгіну қажет емес.
Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы