Меню

Страницы

Статья

Тауар таңбаларын құқықтық қорғау және әкімшілік жауапкершілік

Әділет органдарының міндеттерінің бірі - зияткерлік меншік құқығын қорғау және тауардың шыққан жерлерінің атаулары болып табылады. Зияткерлік меншік адамның ақыл ойымен жасалған барлық шығармалары, яғни мүліктік шығармалар болып табылады. Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады және құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.   

Қазіргі таңда әрбір адам күніне үш мың тауар белгісімен бетпе-бет келеді. Дүкен сөрелерін айтпағанның өзінде телевидение, радио, ғаламторда, көшелерде тауар таңбаларын көруге болады. Бүгінде олар бизнестің маңызды бөлшігіне айналды.

Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды Қазақстан  Республикасының  1999 жылғы  26  шілдедегі  №456  «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары  туралы»  Заңы  реттейді.

         Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы жоғарыда  аталған Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi  болып  табылады.

Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.  Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі.  Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды.  Тауар белгісіне құқық куәлiкпен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.  Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.  Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.

Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айырықша құқығы болады.  Тауар таңбалары фирмалық тауарларға, орамаларға, сызбаларға, анықтамалықтарға, шоттарға, бланкілерге, зат белгілерге және тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар таңбасы зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер тауар таңбасын субъектінің өзі әзірлеген болса, онда мұның өзі оның өнімі, тауары деп саналады, оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арнаулы, ал  статистика мақсаты үшін- есеп айырысу сипаты заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып табылады.

Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік, яғни тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға жауапкершілікке тарту көзделген.

Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының  Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

 

 

 

Арқалық қаласының

ауданаралық әділет басқармасы

Дата публикации
03 ноября 2020
Дата обновления
03 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы