Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында мемлекеттің жоғары құндықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланған. Халықаралық қауымдастықпен игерілген, тиісті халықаралық-құқықтық актілерімен бекітілген және танылған құқықтар мен бостандықтар адамның әлеуметтік және заңды түрде қамтамасыздандырылған тәртіп шарасы болып табылады. Олар бөлінбес, ажырамас қасиетке ие және адамның жүріп-тұру тәсілін еркін таңдау қабілетінде көрініс табады, оған қатысты ешкім ешқандай тыйымдар мен шектеулер қоя алмайды.
Соған қарамастан, біз адамның жалпыға танымал құқықтарының бұзылу мәселесінің өзекті болуының куәгерлері болып отырмыз. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының ең қауіптілерінің бірі – адам саудасы мен құлдық.
Адам саудасы –күшпен қорқыту, алаяқтық, билігін асыра пайдалану немесе жағдайдың осалдығын пайдалану жолымен, немесе басқа тұлғаны бақылайтын тұлғаның келісімін алу мақсатында төлемақы немесе олжа түрінде пара беру жолымен пайдалану мақсатында жалдау, тасымалдау, беру, жасырушылық немесе адамды иемденуді білдіреді.
Адамды сату және оны құрайтын жүйелермен күрес жөніндегі мәселелерді шешуде мемлекеттер арасында әр түрлі саясаттар жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының адам саудасы мен құлдық қылмыстарына қарсы заңдарына келетін болсақ, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (оның ерекше бөліміндегі нормалар 16-тараудан тұрады) адамдарды саудалау, яғни жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар ішінде бап-баппен тізіліп көрсетілген.
Адам сатуға қарсы күрестің маңызды құралы – халықтық құқықтық сауатын көтеру, насихат жұмыстарын жандандыру. Осындай аталған іс-шараларды және жұмыстарды жүргізсек, бұл адамды сату мен құлдық қылмыстарының алдын алуға, оның санын азайтуға және онымен күресуге көп үлес қосар едік.
Арқалық қаласының ауданаралықәділет басқармасы