Зияткерлік меншігін қорғау Қазақстан үшін маңызды және кешенді міндет болып табылады. Оның шешімі, көбіне зияткерлік потенциалды өсіру, мәдени мұраны сақтау және еліміздің халықаралық беделін көтерумен байланысты. Дәлірек айтсақ зияткерлік тұрақты дамудың бас қозғаушы күші болып есептеледі.Сондықтан мемлекеттің міндеті-барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, тиімді авторлық құқықтық қорғау арқылы және қосаралас қалыптасуы мен индустрия мәдениеті дамуына, шығармалардың кең таратылуына және авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды қолдауына мүмкіндік туғызады.Азаматтардың зияткерлік меншігін қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына жағдай жасайды.
Зияткерлік меншік құқығы біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады. Зияткерлік меншіктің объектісі авторлық құқық пен өнеркәсіптік меншік болып табылады.
Өнеркәсіптік меншікке патент берілетіндерге өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары және атаулары енеді.
Ал, авторлық құқық объектілеріне жалпы әдеби, ғылыми шығармалар, музыкалық, бейнелеу, мүсіндеу, графика, сәулет, фотосурет туындылары жатады.
Зияткерлік меншік-зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық таңбасы, қызмет көрсету таңбасы) дараландыру құралдары.
Қоғамда материалдық құндылықтардан басқа рухани құндылықтар да маңызды рөл атқарады. Адам туылғанда табиғат оған ойлау, шығармашылық, ғылыми және мәдени туындылар жасау қабылетін сыйға тартады. Осы шығармашылық туындылар әрбір халықтың, мемлекет пен адамзаттың рухани және зияткерлік қорын құрайды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Соған сәйкес ұлттық заңнамаларда Қазақстанда зияткерлік қарақшылыққа жол бермейтін заңдар қабылданды.
Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығын қорғау төмендегі заңнамалармен: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», « Патенттік Заңымен», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу жері атаулары туралы» Заңдарымен қорғалады.
Әрбір кәсіпкер,өз жұмысында зияткерлік меншік объектілерін қолданып, пайда-табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану немесе меншік иесінің рұқсатынсыз жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі қажет. Әрбір автор өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа немесе Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік департаментіне, аумақтық органдарына немесе арнайы құрылған мүліктік құқықты реттейтін және қорғайтын қоғамдық ұйымдарға арыздануына болады.
Басқарма қызметкерлері «Зияткерлік меншікті қорғау» тақырыптарында қалалық және аудандық мекемелер мен ұжымдарға, кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып кәсіпкерлермен сұхбат, дәрістер, семинарлар өткізіп отырады.
Сыздыкова Айжан Амиркеновна
Арқалық қаласының ауданаралық
әділет басқармасының басшысы