Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»атты дәстүрліжыл сайынғы Жолдауын 2020 жылдың 1 қыркүйек айында халыққа жария етті. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетттіміз деді. Бұл Жолдауда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жүзеге асыру, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты; қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, экологиялық және биологиялық әркелкілікті қорғау, Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, цифрландыру-барлық реформаның негізгі элементі, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы атты мәселелерді қамтыды. Мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастау керек деп атап көрсетті. Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құруды, мемлекеттік аппарат және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімдерін жеделдетуді тапсырды. Биыл мемлекеттік қызметкерлер санын 10 пайызға, 2021 жылы 15 пайызға қысқартуды. Үнемделген қаражат есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтілетіні айтылды. Сонымен қатар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілетінін. Мұндай жоба мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа деген құлшынысын арттырып, жауапкершілігін күшейте түседі. Қазіргі таңда жаңа кадрлар, кәсіби білікті озық ойлы, білімді өз ойын ортаға салатын мамандар қажет,мемлекеттік қызметке осындай мамандарды тарту алға қойылды.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты.Сондықтан, 2021 жылдан бастап адамдар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне бере алады. Бұл да болса халыққа деген көмек үй мәселесі, денсаулық жағдайы, балалардың оқуына жасалып отырған жағдай. Әрине тұрақты тұратын жерін басында баспанан болмай өмір сүру өте қиын. Сондықтан елдің баспанасыз жүрген халқын ойлап әл-ауқатын көтеру мақсатында осындай қадамдарға барып отыр.
Өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетіні, биылдан бастап «5-10-25» бағдарламасы жүзеге асырылатыны,ол үшін кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу үшін 390 миллиард теңге бөлінгені туралы айтылды.
Отбасылық-демографиялық ахуал-көңіл көншітпейтінің, қаншама отбасы сәби сүйе алмау салдарынан отбасының берекесі қашып, ажырасуға әкеп соғып жататынын,сондықтан осындай тығырықтан шығу жолында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыруды, ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін арттыруды, 2025 жылға дейін балалардың 100 пайызын балабақшамен қамтамасыз етуді тапсырды.Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек екендігін баса айтты.
Елдегі етек алған жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізілуі керек екендігін көрсетті. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы, білім саласына еңбек ақы көбейтіп мамандарға жан-жақты жағдай жасалтыны жөнінде атап өтті. Жолдауда барлық сала қамтылып нақты тапсырмалар берілді.
Біз де Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған дәстүрлі Жолдауын қолдай отырып, жолдауда нақты айқындап берген тапсырмаларды орындауға ат салысамыз.
Сыздыкова Айжан Амиркеновна
Арқалық қаласының ауданаралық
әділет басқармасының басшысы