Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен  күрес  Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін  жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық  әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі   басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес  болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл»туралы      Заңында сыбайлас жемқорлыққа  мынадай анықтама берілген,бұл-«жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік фукнцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік(мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы адамдарды параға сатып алу».

Сыбайлас жемқорлық  қоғамға тек зиянын тигізіп қана  қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен  шығармауымыз қажет.

Біздің елімізде қазіргі заманға сай  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы заңнама қызмет атқарады, оның негізі болып «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған,жемқорлықтан туындайтын қауіп қатерденҚазақстан Республикасының  ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды орындайтын басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға сыбайлас  жемқорлыққа байланысты құқық бұзушы, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту, негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес түрлерін белгілейді.

Мемлекет басшысымен құқықтық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметшілер алдына ауқымды міндеттер қойды. Әрбір қазақстандықтың құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ете отырып,еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін арттыру үшін өз үлесімізді қосамыз.

                  

Сыздыкова Айжан Амиркеновна

Арқалық қаласының  ауданаралық

әділет басқармасының басшысы

Дата публикации
08 октября 2020
Дата обновления
08 октября 2020
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы