Меню

Страницы

Статья

Заманауи кезеңдегі адам саудасы

Қазіргі уақытта адам саудасы қоғамда болып жатқан үйреншікті жайттардың біріне айналуда. Жаңа туған нәрестеден бастап,еңкейген қартқа дейін адам саудасының, соның ішінде зорлық-зомбылық, азаптау, құлдыққа салу, ұрып-соғу, адамның ағзаларын сату, мәжбүрлі еңбек құрбандарына айналуда.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы бойынша: «Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы. Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады. Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес». Мұнда тыйым салынған, рұқсат етілмеген іс-әрекеттер өмірде жиі орын алып жатады. Бұл терең ойға қалдыратын және қазіргі кезде өте маңызды құбылыс болып табылады. Соның ішінде балалардың, кәмелетке толмаған адамдардың саудасы басты назарға түседі. Бала құқықтарының бұзылуы көптеген жағдайлардан көрініс табады: балалардың шет елдерге заңсыз сатылуы, балалар еңбегін заңсыз өз мүддесіне пайдалану, балаларды ұрып-соғу, азаптау, қинау, құлдықта ұстау, жәбірлеу, қорлау, зорлық-зомбылық жасау, балалардың денсаулығына қауіп төндіру, балалардың ағзаларын және тіндерін алу, сату және т.б.. Осыдан: «Әрқилы жағдайларда балалар құқықтарының бұзылуына не себеп болады?» және «Бұл жағдаймен қалай күресуге болады?», «Бұл жағдайлардың болуын алдын алу» деген мәселелер туындайды. Әрине, әлем елдері әлемді жайлап кеткен құлдық пен адам саудасына қарсы күресті қолға алып, оның алдын алу жолдарын бұрыннан қарастыруда. 1926 жылы Женевада «Құлдық туралы конвенцияға» қол қойылса, 1953 жылы Нью-Йорк қаласында бұл құжаттың бірқатар бөлімдері қатаңдатылып, өзгерістер енгізілді. Ал үш жылдан соң Женевада «Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы» қосымша конвенцияға қол қойылды. Женевада 1957 жылғы 25 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 85 40-сессиясы Мәжбүрлі еңбекті жою туралы Конвенция (105-конвенция) қабылдаған.1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы құлдық пен құл саудасының барлық түріне тыйым салды. 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдады. Женевада 1999 жылғы 17 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 87-сессиясында Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенция (182-конвенция) қабылданған. Қазақстан Республикасы да бұл конвенцияларды ратификациялаған. Бала еңбегін пайдалану мен адам еңбегін қанауға қатаң тыйым салынып, адам саудасы өте ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылды. Сонымен заң жүзінде Орталық Азия елдерінде ауыр қылмыстың осы түріне барлық шектеулер қойылды.

Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер жинағында бала өмірінің әр түрлі аспектілерін қарастыру және сараптау үшін қажетті статистикалық деректер бар. Балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан республикасының «Неке және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітіліп берілді. Ондағы мақсат – кәмелетке толмаған жасөспірімдер еңбегінің заңсыз пайдаланылуына жол бермеу.

Осындай жағдайларды болдырмас үшін қоғамның балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тап болған жағдайда балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттық деңгейін арттыру қажет. Балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қатыстыру шараларын жетілдіру керек. Сондықтан, балалар еңбегінің қаналуын, балалар саудасын, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді, балаларды құлдыққа салуды болдырмас үшін осы бағыттағы ұйымдар көптеп құрылуы қажет. Себебі жастар - қоғамның, мемлекеттің дамуының басты кепілі болып табылады. Қазіргі балалар - келешекте мемлекетті асқақтататын жастар. Ал жастар өз кезегінде халықты құрайды. Ал халық мемлекеттің басты тірегі болып табылады. Сол себепті мемлекетіміз дамып, құлпырып, гүлденуін қаласақ, ең алдымен мемлекетті дамытуды сәбилердің, балалардың жағдайынан бастауымыз қажет. Себебі, мемлекеттің болашағы балалардың жағдайынан көрініс табады. Әрине балаларды қанау  біздің елде бар мәселе емес, бұл мәселе барлық әлемді жайлаған. Және бұл мәселемен барлық мемлекеттер әлем болып күресуде.

 

 

Арқалық  қаласының  ауданаралық  әділет басқармасының  бас  маманы  А.Т.Дәрке

Дата публикации
24 августа 2020
Дата обновления
24 августа 2020
Тип

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы