Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау Қазақстанның мемлекеттік саясаттының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» делінген.
Мемлекет азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары накез келген құқық бұзушылыққа мемлекет реакциясының болмай қоймайтынын қамтамасыз етумен қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және кінәлі адамдарды заңмен бекітілген жауапкершілікке тартумен кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
- жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам мемлекеттiң қорғауында болады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (өңірлерде – аймақтық Департаменттер) сыбайлас жемқорлықпен және жемқорлық қылмыстармен күресте уәкілетті орган болып табылады. Агенттік экономикалық және қаржылық қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметтi жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оны алдын алу
Сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар:
- басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;
- аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану;
- мемлекеттік қызметке кіру және қызметін жоғарылату кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
- шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
- кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
- мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
- берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
- жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
- мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;
- жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;
- жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
- жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
- кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
- мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
- қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу.
Мемлекеттік қызметшілер:
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге;
- басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге;
- егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс.
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
Жауапкершілік:
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының жеке өзі немесе ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, құқық түріндегі пара делдалыарқылы пара алуы (ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы) өзіне немесе басқа адамдарға, пара берушінің немесе ол ұсынатын адамдардың пайдасына әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін мүлікке немесе мүліктік сипаттағы пайдаға, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттігіне кірсе не ол лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал ете алса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол беруі үшін-параның жиырма еседен елу есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығы.
«Арқалық қаласының
мәжбүрлеп орындату
ауданаралық аумақтық
бөлімі» филиалының
басшысы-аға сот орындаушысы
Каримжанов А.М.