Меню

Страницы

Статья

Қоғамның құқықтық деңгейін арттыру - құқықтық дамуының негізгі факторы

   Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу функцияларын жүзеге асырады. Құқықтық насихаттауды азаматтардың құқықтық санасын көтеру мен заңдық сауатсыздықты жоюдағы басты бағыт ретінде әділет органдары жүзеге асырады.
   Қоғамның құқықтық деңгейін арттыру және азаматтардың өз құқықтарын тиімді қорғай алуына жағдай туғызу үшін, тұрғындарды құқықтық тәрбиелеуді және құқықтық оқытуды дамытып, жетілдіру қажет. Мұның барлығы тұтастай қоғамның, әрбір адамның өмірін қамти отырып, халықтың құқықтық деңгейін көтеретін құқықтық насихаттау сияқты маңызды категориямен тікелей байланысты. Бұл құқықтық нормалардың толық және нақты жүзеге асырылуының маңызды және қажетті шарты болып табылады.
   Құқықтық мәдениетті көтеріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарының нысаны мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін арттыру мақсатында Қостанай облысы әділет департаменті өз қызметінің негізгі бағыттары ретінде тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.
   Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламалар мен кешенді жоспарларды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында медиа-жоспар құрылып, бекітілді. Олардың жүзеге асырылуы белгілі бір нәтижелік бағытпен кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылып отырады.
   Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру үшін «Аманат» партиясы өкілдерін, адвокаттарды, нотариустарды және басқа да құқықтық құрылымдардың өкілдерін тарта отырып, «Әділет кеңес береді» акциясы және «Ашық есік күні» тәрізді құқықтық насихат формалары қолданылады.
   Құқықтық насихат аясындағы кездесулердің, семинарлардың, дәрістердің және «дөңгелек үстелдердің» басты мақсаты – олар белгілі бір аудиторияға бағытталған. Құқықтық ағарту жұмыстарының нәтижелігін көтеру тұрғындардың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін, заңға деген құрметін арттырып, азаматтарды құқықтық өмірлік маңызды, негізгі сұрақтарға өз бетінше бағыт алуына үйретеді.
   Құқықтық мәдениетті арттыру өз құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдағы өмірлік нормаларды қорғау үшін заңдық білімдерін орынды пайдаланып, заңдарды қолдана алуымен тікелей байланысты.
   Құқықтық насихаттау – көлемді толассыз үрдіс, оның нәтижесі өз кезегінде тұрақтылық пен құқықтық тәртіптің негізі болып табылатын азаматтардың өз құқықтарын, бостандықтарын, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін білуден, құқықты, заңды құрметтеу сезімдерінен көрінетін құқықтық санасының қажетті деңгейінен көрінеді. Қоғамның таза құқықтық санасы, азаматтардың заңды құрметтеуі құқықтық демократиялық мемлекеттік және оның ендігі дамуының негізгі факторы.


Қостанай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы

Жазира Исмагулова

Дата публикации
10 октября 2024
Дата обновления
10 октября 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

01 октября 2026
Қазақ тілі – халық тілі және ұлттық бірліктің негізі
01 сентября 2026
Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі
Ақпарат
05 июня 2026
Соблюдение антикоррупционных ограничений — важнейший приоритет государственной службы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы