Функционалды міндеттері: коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыру; халыққа құқықтық көмек пен заңгерлік қызметті ұйымдастыру; азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; мемлекеттік тіркеуге ұсынылған коммерциялық емес заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын, олардың филиалдары мен өкілдіктерін зерделеу, коммерциялық емес заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) құрылуы мен құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына, заңды тұлғаны тарату тәртібіне сәйкестігін тексеру; коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама дайындайды; бизнес сәйкестендіру номерлерінің Ұлттық тізілімінде электрондық банкін толтырудың дұрыстығына, заңды тұлғалардың деректер базасындағы ақпараттың толықтығына жауап береді; мұрағат ісін басқаруға жауапты болады; заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімін, филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізеді; жеке бағыттар бойынша азаматтар мен өкілдерді қабылдауды жүзеге асырады; жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асырады; зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытындылайды; мемлекеттік қызметтердің сапасына, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттеріне сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
Лауазымдық жалақысы (жұмыс тәжірибесіне байланысты) 151987 – 198244.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда құқық саласындағы ортадан кейінгі бiлiмi барларға (құқықтану, құқық қорғау қызметі, заң кеңесшісі, заңгер) рұқсат етiледi. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Конкурстың қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары С-R-4 санаты үшiн: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі бiлiмi барларға рұқсат етiледi;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүргізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Аталған құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы Әділет департаменті» РММ-не ұсынылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы Әділет департаменті» РММ-де өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
04.12.2020 ж.