Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 98-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға қолайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі;
2) заң консультанттарының қызметі – заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі;
3) заң көмегі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
4) заң көмегіне қатысушылар – заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар;
5) заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – заң көмегінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;
6) клиент – заң көмегін алу үшін өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға (өкіл);
7) құқықтық ақпарат беру – белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін заң көмегінің түрі;
8) құқықтық консультация беру – жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты заң көмегінің түрі;
9) мүдделер қақтығысы – заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы заң көмегін көрсетпеуге немесе сапалы көрсетпеуге алып келуі мүмкін қайшылық.
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттары
Заң көмегін көрсету мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заң үстемдігі;
2) заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;
3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;
4) клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну;
5) кәсіптік құпияны сақтау;
6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау;
7) заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;
8) заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;
9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет;
10) заң көмегінің қолжетімділігі.
4-бап. Заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
5-бап. Заң үстемдігі
Заң көмегі баршаның заң алдындағы теңдігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті бастауларында ұсынылады.
6-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі
Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметіне прокуратура, соттар, басқа да мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау
Заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі.
Заң көмегін көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады.
8-бап. Клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну
Заң көмегін көрсететін тұлға клиенттің мүдделеріне зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға міндетті.
Заң көмегін көрсету кезінде заң көмегін көрсететін тұлға клиентке, қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, заң көмегінің ықтимал нәтижелері мен салдарларын түсіндіруге міндетті.
Заң көмегін көрсету шараларын таңдау клиенттің мүдделерін негізге алуға тиіс.
Заң көмегін көрсететін тұлға кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау
Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.
Заң көмегін көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі шаралар қабылданады. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну кәсіптік құпияны жария ету болып табылмайды.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау
Заң көмегі жоғары кәсіптік және әдептік нормалар сақтала отырып көрсетіледі. Осы нормаларды қалыптастыруды заң көмегін көрсететін тұлғалар жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық, адамгершілік нормалары және заң көмегін көрсету стандарттары негізінде жүзеге асырады.
11-бап. Заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, заң көмегін көрсетудің шектері мен шаралары заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.
12-бап. Заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау
Заң көмегін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде заң көмегін көрсету сапасының үздік практикаларын ендіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүзеге асыруға тиісті кәсіптік даярлығы бар және өз біліктілігін кезең-кезеңімен арттырып отыратын адамдар жіберіледі.
13-бап. Сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет
Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің кәсіп бойынша әріптестеріне құрмет, әділдік және ынтымақтастық рухында қарым-қатынас жасауға тиіс.
Заң көмегін көрсету сотқа және сот ісін жүргізу қағидаларына деген құрметке негізделуге тиіс.
14-бап. Заң көмегінің қолжетімділігі
Әркімнің заң көмегін алуға құқығы бар.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.
15-бап. Заң көмегінің түрлері
Заң көмегі:
1) құқықтық ақпарат беру;
2) құқықтық консультация беру;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түрінде көрсетіледі.
Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
16-бап. Заң көмегінің нысандары
Мыналар заң көмегінің нысандары болып табылады:
1) өтеулі негізде көрсетілетін заң көмегі;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегі;
3) кешенді әлеуметтік заң көмегі.
17-бап. Өтеулі негізде заң көмегін көрсету
Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт негізінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетілетін заң көмегі өтеулі негіздегі заң көмегі деп танылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі
Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады.
19-бап. Кешенді әлеуметтік заң көмегі
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.
1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) жасына байланысты зейнеткерлерге;
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;
7) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Заң көмегін көрсететін тұлғалар
Заң көмегін өз құзыреті шегінде мыналар:
1) мемлекеттік органдар;
2) адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары;
3) заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.
21-бап. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат
22-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін белгілейді;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
3) заң көмегін көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізеді;
5) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) заң көмегін көрсету стандарттарын келіседі;
7) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келіседі;
8) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
9) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрі бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;
10) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді;
11) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
12) адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13) адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;
14) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
15) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
16) халыққа заң көмегін көрсететін тұлғалар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
17) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
18) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізеді;
19) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
20) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі
Адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылады.
Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істеген кезде құпиялылықты сақтау қамтамасыз етіледі.
Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Республикалық адвокаттар алқасына және Республикалық заң консультанттары алқасына сенімгерлік басқаруға беріледі.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ ЖҮЙЕСІ
25-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін:
1) мемлекеттік органдар "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру түрінде өтеусіз;
2) адвокаттар осы Заңда белгіленген тәртіппен;
2-1) заң консультанттары осы Заңда белгіленген тәртіппен;
3) нотариустар "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтеусіз;
4) жеке сот орындаушылары "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, әлеуметтік маңызы бар істер санатын орындау кезінде өтеусіз көрсетеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін өзге тұлғалар өтеусіз көрсете алады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар
1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;
2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;
3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;
6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;
7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
27-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері
1) мемлекет кепілдік берген заң көмегіне теңдей қол жеткізуге;
2) өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпарат алуға;
3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға тегін заң көмегін көрсету үшін өтініш жасауға;
4) мемлекет кепілдік берген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға немесе оны алудан бас тартуға;
5) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға;
6) мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.
1) өзінің мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығын растайтын, тізбесін уәкілетті орган бекітетін құжаттарды ұсынуға;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттарына ықпал ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабарлауға;
3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету қажеттігіне негіз болған ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
28-бап. Адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұйымдастыру, оны көрсету тәртібі және есепке алу
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы жыл сайын бірінші желтоқсаннан кешіктірмей аумақтық әділет органына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін жібереді.
Тізімде адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі мен берілген күні, адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысаны, адвокаттық қызметтің атауы және оны жүзеге асыру орны көрсетіледі.
Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, соттардың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың (лауазымды адамдардың) тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін адвокатты таңдау заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Уәкілетті орган Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып әзірлейтін және бекітетін келісімнің нысанында адвокаттардың облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тұратын халықты заң көмегімен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері және оның шарттары қамтылуға тиіс.
Республикалық адвокаттар алқасы жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін орналастырады.
Тұлға сол бір мәселе бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет ала алады.
Есеп нысанын Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасының жиынтық есебінде ауылдық елді мекендердің мемлекет кепілдік берген заң көмегімен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат қамтылады.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-1-бап. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі
Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын заң консультанттарының палаталары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырады.
Ескерту. Заң 28-1-баппен толықтырылды – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту
1) өтініш иесі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар, осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тұлғалар санатына жатпаса;
2) өтініш иесі жүгінімнің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қаржыландыру
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3-БӨЛІМ. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
3-тарау. АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ
31-бап. Адвокатураның мақсаты
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
32-бап. Адвокат
Мыналар:
қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
теріс себептер бойынша мемлекеттік және әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам – шығарылған (босатылған) күннен бастап үш жыл бойы;
әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
осы Заңның 44-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адам – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл бойы;
теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам – шығарылған күннен бастап үш жыл бойы адвокат бола алмайды.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
1) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн барлық соттарда, мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегiн көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға және оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
4) процестік құжаттарды, тергеу және сот iстерiн қоса алғанда, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен тіркеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген кезден бастап жолығулардың санын, ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға ие болуға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;
8) егер бұл анықтау сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезiнде, сотта қорғауды немесе өкiлдiк етуді жүзеге асыру үшiн қажет болса, мемлекеттiк құпияларды құрайтын, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
11) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;
12) заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың әкімшілік ғимараттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, адвокат куәлігін көрсету арқылы еркін кіру құқығын пайдаланады.
Адвокаттың ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды және жазасын өтеп жатқандарды ұстау орындарына кiруi белгiленген өткізу режиміне сәйкес жүзеге асырылады.
Адвокаттар әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлейдi.
Адвокаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Адвокаттық мантиялардың нысаны мен сипаттамасын Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекітеді.
1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы адвокатының антын, Адвокаттардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтауға;
3) адвокаттар алқасының мүшесі болуға;
4) өзінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға;
5) клиентке адвокаттар алқасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
6) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің оны көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
7) клиенттің талап етуі бойынша адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
8) клиенттің талап етуі бойынша онымен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
9) заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға және оларды көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария етпеуге;
10) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекетті орындауға;
11) клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты орындау туралы есеп ұсынуға;
12) клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық құжаттар нысанында сақтауға;
13) өзiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттырып отыруға;
14) адвокаттар алқасына мүше болып кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар пакетін) және пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландырылуға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдауға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында және заң көмегін көрсету туралы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
мүдделер қақтығысы болған кезде;
процестік заңнамада көзделген, адвокаттың іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде заң көмегін көрсетуіне тыйым салынады.
Бұл жағдайларда адвокат заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кірген жағдайда, адвокат осы ұйымға және онымен үлестес тұлғаларға заң көмегін көмек көрсетуге құқылы емес.
Адвокат адвокаттық қызметті адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында, адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы және тағайындалатын лауазымдардағы жұмыспен қоса атқаруға құқылы.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
34-бап. Адвокаттың кәсіптік мiнез-құлық нормалары
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк қағидаларды сақтауға:
1) өзінің құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерін орындау кезінде адалдық бiлдiруге;
2) органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстауға;
3) өзінің кәсіптік мiнез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастырып және шектей отырып, iстi қасақана созуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеуге;
4) көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiне адалдық сақтауға және оның мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасамауға тиіс.
35-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi
адвокат өзінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде өзіне мәлім болған мән-жайлар туралы одан куә ретінде жауап алуға;
адвокаттан, оның көмекшісінен, оның тағылымдамадан өтушісінен, адвокатпен, заң консультациясымен, адвокаттық кеңсемен еңбек қатынастарында тұрған тұлғадан, адвокаттар алқасы төралқасының басшылары мен жұмыскерлерiнен, сондай-ақ өзінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған адамнан заң көмегiн көрсетуге байланысты мәлiметтерді, материалдарды талап етіп алдыруға немесе талап етуге немесе оларды адвокаттың және оның клиентінің келісуінсіз, басқа тәсілмен алуға әрекеттенуге тыйым салынады.
Егер ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған жағдайда, адвокатқа сұратылып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
36-бап. Адвокат қызметiн сақтандыру
Адвокат кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Егер адвокат адвокаттық кеңсенің әріптесі болып табылса, онда оның кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуды адвокаттық кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
Осы баптың мақсаттары үшін кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі.
Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне осындай көмек көрсетуі нәтижесінде зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
Адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де шарттары адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
37-бап. Адвокаттық құпия
38-бап. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқауы бойынша және жауапкершiлiгiмен оның тапсырмаларын орындауға құқылы.
Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келетін және тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам адвокаттар алқасының төралқасына тізбесі уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейтін және бекітетін Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеде белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен жүгiнедi.
1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы;
2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiш бойынша шешім өтініш берушінің өтініші адвокаттар алқасының төралқасына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
Тағылымдама кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледi.
Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамадан өтуші еңбек шарты бойынша адвокаттың көмекшісі ретінде жұмысқа қабылдануы мүмкін.
Тағылымдаманың нәтижелері бойынша тағылымдамадан өтушінің жетекшісі қорытынды жасайды және оны бекіту үшін адвокаттар алқасының төралқасына береді.
Адвокаттар алқасының төралқасы тағылымдама материалдарын қарау қорытындылары бойынша тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекіту не тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тағылымдамадан ойдағыдай өткені туралы қорытынды адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен күннен бастап үш жыл бойы жарамды болады.
Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім уәжді болуға тиіс және оған Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Тағылымдамадан өтпеген адам тағылымдамаға жалпы негіздерде қайта жіберіледі.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміттенетін адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия жеті мүшеден, оның ішінде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың адвокаттар алқалары мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) айқындайтын үш адвокаттан тұрады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссиялардың дербес құрамы және олардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен бекітіледі.
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
40-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш беру кезінде аттестаттаудың жүргізілетін орнын, күнін және тілін (қазақ немесе орыс) айқындауға құқылы.
Комиссия үміткердің аттестаттауға жіберу туралы өтінішін күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия қарау қорытындылары бойынша үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.
Өтініш заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген кезде, барлық деректердің адвокатқа қойылатын талаптарға сәйкестігі интеграцияланған дерекқорлардың ресурстары пайдаланыла отырып, автоматты түрде тексеріледі.
Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай болмаса, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей үміткерге жібереді.
Өтініш заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген және үміткер адвокатқа қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі аттестаттау жүргізу үшін үміткерлердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады және оның жүргізілетін орнын, күнін, уақытын және тілін (қазақ немесе орыс) растайды.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу;
2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен тұрады.
Тестілеу үшін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданылған жағдайда, кешенді компьютерлік тестілеудің мазмұны біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларынан автоматты түрде жасалады.
Уәкілетті орган біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларын қалыптастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, конкурстық негізде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері практикалық тапсырмалардың нұсқаларын үміткерлер санынан асып түсетін санда ұсынады. Практикалық тапсырманың сұрақтары құпия ақпарат болып табылады және жария етілуге және таратылуға жатпайды.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Аттестатталғаны туралы шешім шығарылған күнінен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, комиссия үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.
41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
42-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензия беруден "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiздер бойынша бас тартылады.
43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
1) адвокат мемлекеттік қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) адвокат мерзімді әскери қызметті өткерген;
4) адвокат өз қызметін адвокаттар алқасына берілген өзінің өтініші негізінде тоқтата тұрған кезеңде тоқтатыла тұрады.
1) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанда – шешім қабылданғанға дейін;
2) адвокатты қылмыстық-процестік заңға сәйкес қылмыс жасауда айыпталушы деп танығанда – үкім заңды күшіне енгенге дейін;
3) біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
4) адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) көрсеткенде – алты айға;
5) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғанда – алты айға;
6) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетін қызметпен де айналысқанда – алты айға тоқтатыла тұрады.
Лицензиардың адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Адвокат лицензиясының қолданысын тоқтата тұру лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап адвокаттық қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияың қолданысын тоқтату және одан айыру
1) адвокат заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабарсыз кетті деп танылған;
2) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
3) адвокат қайтыс болған;
4) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
5) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
6) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады.
1) адвокат кәсіптік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы жүргізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындауы мүмкін болмаған;
3) осы Заңының 43-бабы 3-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған мән-жайлар жойылмаған;
4) лицензиаттың лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмалаған ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
5) қатарынан отыз алты ай ішінде лицензияның қолданысы осы Заңының 43-бабы 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша үш рет тоқтатыла тұрған жағдайларда, лицензиардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, аумақтық әділет органының ұсынуы да адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап қою арызын дайындауға негіз болып табылады.
Лицензиар сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының тоқтатылғаны туралы соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
45-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1) құқықтық мәселелер бойынша ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да консультациялар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтінішхаттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасайды;
3) азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуге клиенттің өкілі ретінде қатысады;
4) қылмыстық сот ісін жүргізуге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысады;
5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға клиенттің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда клиенттің мүдделерін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында клиенттің мүдделерін білдіреді;
8) атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде клиенттің өкілі ретінде қатысады;
9) татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылуына немесе оның қолданысының тоқтатылуына, сондай-ақ қолданысының тоқтатыла тұруына байланысты адвокаттар алқасына мүшеліктен шығарылған адам тиісті шешім қабылданғаннан кейін өзінің куәлігін өзі мүшесі болған адвокаттар алқасына тапсыруға міндетті.
Қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаға қорғауды (өкілдік етуді) жүзеге асыратын адвокат қол қояды.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
47-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу
Шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шарттың бір данасы осындай шарт жасасылған тұлғаға табыс етіледі.
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырманы орындауды қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) не адвокаттық кеңсенің атауын көрсету. Адвокаттық кеңсе мен заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлға арасында жасалатын шарт бойынша қорғаушы не өкіл ретінде тапсырманы орындауды адвокаттық кеңсе тағайындаған адвокат қабылдайды;
2) адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысанын және тапсырманы қабылдаған адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
3) тапсырманың нысанасы;
4) көрсетілетін заң көмегіне ақы төлеу және адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарын өтеу мөлшері мен тәртібі;
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары.
Адвокаттың немесе адвокаттық кеңсенің тиісті қаржы құжатын бермей, заң көмегіне, оның ішінде ауызша заң консультацияларына ақы төлеу және тапсырманы орындауға байланысты шығыстар есебіне қолма-қол ақша алуына жол берілмейді.
48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу
4-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары
Адвокат өз қызметін адвокаттар алқасында құрылатын заң консультациясында не заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асыруға, сондай-ақ өзі дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп, адвокаттық кеңсе құруға құқылы.
Кәсіптік қызметті заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың адамдарды қабылдауға, адвокаттық іс қағаздарын жүргізудің сақталуын және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдайларды сақтауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті.
50-бап. Адвокаттар алқасы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамаcы бойынша құрылады.
Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс.
1) адвокаттар алқасының мүшелерi адвокаттық қызметтi жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдесу, кәсіптік көмек көрсету және оларды қорғау;
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;
4) алдын ала тергеу органдары мен соттың тағайындауы бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетілуін және қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
1) адвокаттар алқасы мүшелерінің жаңартылған күйдегі тізімін;
2) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметке және заң көмегіне қатысты нормативтік құқықтық актілерін;
3) Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін;
4) заң көмегін көрсету стандарттарын;
5) заң көмегі сапасының өлшемшарттарын;
6) біліктілікті арттыру стандарттарын;
7) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету туралы мәліметтерді;
8) адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы), адвокаттар алқасын басқарудың атқарушы органдары қабылдаған шешімдерді;
9) адвокаттардың тәртiптiк комиссиясы жұмысының нәтижелерiн;
10) алқаның қаржылық-шаруашылық қызметi туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;
11) адвокаттар алқасының қызметі және оның мүшелері туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады.
Адвокаттар алқасы адвокаттар алқасы мүшелерінің ақпарат алу тәсілдерін көздеуге тиіс.
51-бап. Адвокаттар алқасының мүлкі
52-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
1) адвокаттар алқасының атауы, қызмет нысанасы мен мақсаттары;
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбi;
4) адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарын қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыретi;
5) заң консультацияларын құру және олардың қызмет ету тәртiбi;
6) мүлiкті түзу көздерi мен оған билiк ету тәртiбi;
7) мүшелiк және нысаналы жарналарды төлеу тәртiбi;
8) адвокаттардың мемлекет кепiлдік берген заң көмегiн көрсету тәртібі және соттың, қылмыстық қудалау органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн адвокаттар арасында бөлу тәртiбi;
9) Адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі туралы ереже негізінде адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі;
10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінiң тәртiптiк жауаптылығы және оған тарту тәртiбi;
11) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтiнiшхат қозғау тәртiбi;
12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi;
13) адвокаттар алқасы таратылған кезде мүлiктiң тағдыры көзделуге тиiс.
53-бап. Адвокаттар алқасының органдары
1) жоғары орган – мүшелердің жалпы жиналысы (конференциясы);
2) атқарушы орган – төралқа;
3) бақылау органы – ревизиялық комиссия адвокаттар алқасының органдары болып табылады.
Адвокаттар алқасында адвокаттардың тәртіптік комиссиясы құрылады.
54-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)
1) адвокаттар алқасының жарғысын және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;
2) адвокаттар алқасының төралқасын, төралқа төрағасын, ревизиялық комиссиясын, ревизиялық комиссия төрағасын, тәртіптік комиссиясын, адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының төрағасын сайлау;
3) адвокаттар алқасының жарғысында көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;
4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасының басшылары мен жұмыскерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау және бекiту;
5) адвокаттар алқасының төралқа мүшелерін, төралқа төрағасын, басқа да сайланбалы органдарының мүшелері мен төрағаларын мерзiмiнен бұрын керi шақыртып алу;
6) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде есептелетін мүшелік және нысаналы жарналардың мөлшерлемелерін белгілеу жатады, бұл ретте кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын адвокаттар не бір жылдан аз адвокаттық қызмет өтілі бар жастар белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде мүшелік және нысаналы жарналарды төлейді;
7) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есепті бекіту жатады.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
Дәл сол бір адамдар адвокаттар алқасының төралқасында қатарынан екі мерзімнен артық бола алмайды.
1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, адвокаттар бюджет қаражаты есебінен көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
2) адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысын (конференциясын) шақырады және оның шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады;
3) адвокаттардың кәсіптік және өзге де құқықтарын қорғайды;
4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнің тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
5) адвокаттардың қызметі туралы олардың қорытылған есептерін Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады;
6) жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды мүшелік және нысаналы жарналарды төлеуден босатады;
7) адвокаттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды (ұсынуларды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
8) адвокаттарға аттестаттау жүргізуді және олардың бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
9) осы Заңда көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтiнiшхат береді;
10) адвокаттардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
11) жыл сайын мониторинг нәтижелері бойынша алқа адвокаттары көрсететін қызметтердің орташа құнын (көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша) айқындайды және осы ақпараттың адвокаттар алқасының, Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
12) оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;
13) кодификациялық-анықтамалық жұмыс жүргiзудi ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдарды әзiрлейдi және басып шығарады;
14) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
15) нысанын Республикалық адвокаттар алқасы бекітетін адвокат куәлігін береді;
16) адвокаттар алқасының қаражатына жарғыда айқындалған және адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) айқындаған тәртiппен билік етеді;
17) бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептілікті, іс қағаздарын жүргізуді және бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады;
18) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді;
19) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне жатқызылғандардан басқа, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
56-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Дәл сол бір адам қатарынан екі мерзімнен артық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы лауазымын атқара алмайды.
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етеді және төралқа, адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) төралқа аппаратының жұмысына басшылық етеді, адвокаттар алқасы аппаратының жұмыскерлерiн жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасы атынан өкілдік етеді;
4) адвокаттық қызметті ұйымдастырудың адвокат таңдаған нысанын және заңды мекенжайын көрсетіп, адвокаттар алқасына мүше болып кірген, сондай-ақ шығарылу себептерін көрсете отырып, адвокаттар алқасына мүшеліктен шығарылған лицензиаттар туралы мәліметтердің лицензиарға, Республикалық адвокаттар алқасына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
5) адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді қоса алғанда, адвокаттар алқасының қызметі туралы есептің Республикалық адвокаттар алқасына ұсынылуын қамтамасыз етеді;
6) адвокаттар көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу туралы жиынтық есептің аумақтық әділет органына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
7) адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерінің тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді;
8) адвокаттардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа да өкілеттіктері адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
57-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы бес адамнан аспайтын құрамда құрылады.
Адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде, өтеусіз жүзеге асырады.
Дәл сол бір адам адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы құрамында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
58-бап. Адвокаттар алқасына мүшелiк
Кіру жарналарына тыйым салынады.
Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлардың бірінің анықталуы адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
58-1-бап. Адвокаттар тізілімі
1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына мүше болу күні;
4) адвокаттық қызмет ұйымының адвокат таңдаған нысаны, заңды мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірлері;
5) адвокатқа қатысты тәртіптік жазалау шараларының болуы немесе болмауы;
6) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру күні мен негіздері;
7) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату күні мен негіздері;
8) адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтата тұру не тоқтату күні мен негіздері.
Ескерту. 58-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
59-бап. Адвокаттың анты
"Мен, (аты және тегі), заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексiн сақтауға, адам құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін адал және шынайы ниетпен қорғауға, заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелген міндеттерді орындауға салтанатты түрде ант етемін.".
Адвокаттар алқасы адвокат мәртебесін алу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ақпаратты Республикалық адвокаттар алқасына жібереді.
60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған;
2) адвокат өз міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындай алмайтыны анықталған;
4) мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлемеген;
5) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге ақы төленетін қызметпен де айналысқан;
6) өз еркі бойынша;
7) адвокат қайтыс болған жағдайларда;
8) алқаның жарғысында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатады.
61-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1) адвокаттар алқасы, оның органдары мен лауазымды адамдары тарапынан берілетін жәрдемді, кәсіптік көмек пен қорғауды пайдалануға;
2) адвокаттар алқасының және Республикалық адвокаттар алқасының органдарына сайлауға және сайлануға;
3) адвокаттар алқасы органдарының алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасының органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар ұсынуын талап етуге;
4) өзінің қызметiн немесе мiнез-құлқын адвокаттар алқасының органдары тексерген және талқылаған барлық жағдайларда оған жеке өзi қатысуға;
5) адвокаттар алқасының жарғысында айқындалған тәртiппен және шарттарда оның мүлкiн пайдалануға;
6) адвокаттар алқасының құрамынан өз еркімен шығуға құқығы бар.
1) адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын сақтауға;
2) адвокаттар алқасы мүшелері жалпы жиналысының (конференциясының), Республикалық адвокаттар алқасының және олардың органдарының шешiмдерiн орындауға;
3) мүшелік және нысаналы жарналар төлеуге;
4) адвокаттар алқасының төралқасына көрсетілген заң көмегі туралы статистикалық мәліметтер ұсынуға;
5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болған жағдайда) өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда лицензиарға адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге;
6) адвокаттар алқасының төралқасына өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы хабарлауға;
7) адвокаттар алқасының төралқасына жеке және заңды тұлғалардың өзі көрсеткен заң көмегiнiң сапасына берген жолданымдары бойынша тексеру үшiн қажетті материалдарды ұсынуға міндетті.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
62-бап. Заң консультациясы
63-бап. Адвокаттық кеңсе
1) әріптестің шығуы;
2) жаңа әріптесті қабылдау;
3) әріптестің адвокаттық қызметті осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатуы салдарынан жүзеге асырылуы мүмкін.
1) егер адвокаттық кеңсенің жарғысында өзгеше көзделмесе, адвокаттық кеңседен шыққан не адвокаттық қызметті тоқтатқан кезде өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде адвокаттық кеңсе мүлкінің бір бөлігін немесе осы мүліктің құнын алуға;
2) адвокаттық кеңсе таратылған жағдайда, оның кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлкінің бір бөлігін өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде алуға құқылы.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
64-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
65-бап. Республикалық адвокаттар алқасы
Ескерту. 65-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
66-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы
1) Республикалық адвокаттар алқасының атауы, қызмет нысанасы мен мақсаттары;
2) Республикалық адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
3) Республикалық адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарын қалыптастыру тәртібі мен олардың құзыреті;
4) мүлікті түзу көздері және оған билік ету тәртібі;
5) адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдардың мөлшері мен тәртібі;
6) Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі көзделуге тиіс.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
67-бап. Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы
Конференцияның айрықша құзыретіне:
1) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын қабылдау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының орналасатын жерін айқындау;
3) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшелерін лауазымға сайлау және одан босату;
4) Республикалық адвокаттар алқасының төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
5) Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
6) адвокатураның тәртіптік комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;
7) Республикалық конференцияда адвокаттар алқаларынан делегаттардың өкілдік ету нормаларын бекіту;
8) Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
9) Адвокаттарға аттестаттау жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту;
10) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
11) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
18) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібін бекіту;
19) адвокаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы мінез-құлық қағидаларын бекіту;
20) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
21) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
22) тармақшаның қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР 09.06.2021 № 49-VII Заңымен.
22) адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасының жалпы мұқтаждықтарына аударатын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен жүзеге асырылу тәртібін айқындау жатады, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір адвокат үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
Адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық адвокаттар алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері есептелмейді. Адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық адвокаттар алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі;
23) Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту;
24) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының есебін, оның ішінде Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасының атқарылуы туралы есебін бекіту;
25) ревизиялық комиссияның Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту;
26) конференцияның регламентін бекіту;
27) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
68-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы
Сол бір адам Республикалық адвокаттар алқасының төралқасында бір мерзімнен артық бола алмайды.
1) Республикалық адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
2) Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
3) конференциялардың арасындағы кезеңде төралқаның және ревизиялық комиссияның осы Заңда көзделген негіздер бойынша адвокаттар алқаларының мүшелігінен шығарылған мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
4) осы Заңның 67-бабына сәйкес Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясының бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;
5) адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіреді;
6) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша, адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
7) адвокаттардың кәсіптік деңгейін көтеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды кәсіптік даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді;
8) адвокаттардың әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен адвокаттық қызметке қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысады;
10) адвокаттар алқаларының өз қызметі туралы есептерін тоқсан сайын қорытады;
11) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12) адвокаттар алқаларын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) жыл сайын мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары көрсететін қызметтердің орташа құнын (көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша) айқындайды және осы ақпараттың Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
14) Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында:
жаңартылған күйде адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімін, сондай-ақ аумақтық адвокаттар алқалары адвокаттарының тізімін;
Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметке және заң көмегіне қатысты нормативтік құқықтық актілерін;
Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін;
заң көмегін көрсету стандарттарын;
заң көмегі сапасының өлшемшарттарын;
біліктілікті арттыру стандарттарын;
Республикалық адвокаттар алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;
адвокаттар алқалары және Республикалық адвокаттар алқасы төралқаларының құрамдары туралы мәліметтерді;
кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету туралы мәліметтерді;
адвокатураның тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелерін;
адвокатураның іс-шаралары мен оқиғаларын;
және Республикалық адвокаттар алқасының қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады.
Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар алқалары мүшелерінің ақпарат алу тәсілдерін көздеуге тиіс;
15) екі жылда кемінде бір рет Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясын шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;
16) Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес өз құзыреті шегінде билік етеді;
17) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының регламентін бекітеді;
18) Республикалық адвокаттар алқасының эмблемасын бекітеді;
18-1) заң көмегін көрсету стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-2) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-3) адвокаттық мантияның нысаны мен сипаттамасын бекітеді;
18-4) адвокат куәлігінің нысанын және оны толтыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18-5) адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-6) адвокаттардың біліктілігін арттыру стандарттарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-7) адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібін бекітеді;
18-8) адвокаттық сұрау салудың нысанын, оны ресімдеу және жіберу тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
18-9) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;
18-10) адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді;
18-11) адвокаттар үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшілігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
18-12) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан адвокаттардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
19) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
69-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
Дәл сол бір адам Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымын бір мерзімнен артық атқара алмайды.
1) мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Республикалық адвокаттар алқасының атынан өкілдік етеді;
2) Республикалық адвокаттар алқасының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) Республикалық адвокаттар алқасының атынан мәмілелер жасасады және Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес билік етеді;
5) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының отырыстарын шақырады;
6) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының шешімдері мен Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
70-бап. Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы бес адамнан аспайтын құрамда құрылады.
Республикалық адвокаттар алқасы ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде, өтеусіз жүзеге асырады.
Дәл сол бір адам Республикалық адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясының құрамында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
71-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі
72-бап. Адвокаттардың тәртіптік жауаптылығы
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын және оған есеп беретін, адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрамына адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, отставкадағы екі судья енгізіледі.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат болып табылады.
Дәл сол бір адам адвокаттардың тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені және тәртіптік жауаптылыққа тарту рәсімін Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оның міндетті түрде қаралуы әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген тұлғалардың келмеуі тәртіптік іс жүргізуді қарауға кедергі болмайды.
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) осы Заңның 60-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен адвокаттар алқасынан шығару.
Тәртіптік жаза ол анықталған күннен бастап бір айдан аспайтын, бірақ ол жасалған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия адвокаттар алқасының мүшесін анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және оларды жою мерзімдерін белгілейтін нұсқама шығара алады.
Егер адвокаттардың тәртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса, ол құқықты болып есептеледі.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы
Адвокатураның тәртіптік комиссиясы адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды да қарайды, тәртіптік практиканы қорытады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясы Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы сайлайтын және оған есеп беретін, Республикалық адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының құрамына Республикалық адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, уәкілетті орган ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, отставкадағы екі судья енгізіледі.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат болып табылады.
Дәл сол бір адам адвокатураның тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс.
Адвокаттар алқасының мүшені алқадан шығару туралы шешіміне адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көшірмесі адвокатқа табыс етілген күннен бастап бір ай мерзімде сотқа шағым жасалуы мүмкін.
1) шағымды – қанағаттандырусыз, ал адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға;
2) адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімін өзгертуге;
3) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім қабылдауға;
4) істі адвокаттардың тиісті тәртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге және адвокаттардың тәртіптік комиссиясын белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар.
Егер адвокатураның тәртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса, ол құқықты болып есептеледі.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
74-бап. Адвокаттар алқасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
Адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін адвокаттар алқасының әрекеттері (әрекетсіздігі) және (немесе) оның басқару органдарының шешімдері бұзған жағдайда, мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) және (немесе) шешімдерге Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта дау айтуға құқылы.
4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУІ
5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
75-бап. Заң консультанты
76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері
Заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін заң консультанты заң көмегін көрсеткен жағдайда, клиентке заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты заңды тұлға жасасады.
1) заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда білдіруге;
2) барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан заң көмегін көрсетуге қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегін көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
4) процестік құжаттарды, сот істерін қоса алғанда, заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен тіркеп алуға;
5) заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
6) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;
7) заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
9) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға құқықты.
1) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;
2) өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы белгілеген Кәсіптік әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жарналарды төлеуге;
3) кәсіптік қызметте заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;
4) соттарда тұлғалардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға;
5) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің заң көмегін көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
6) заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
7) клиентке заң консультанттары палатасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
8) клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
9) клиенттің талап етуі бойынша, өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен үзінді-көшірме ұсынуға;
10) егер клиент бұған қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
11) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға;
12) заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін заң көмегін көрсету аяқталған күнінен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіште не электрондық құжаттар нысанында клиенттің талап етуі бойынша сақтауға;
13) өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға;
14) кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Заң консультанты, егер:
клиент пен заң консультантының, оның жақын туыстарының мүдделер қақтығысы болса, сондай-ақ мүдделер қақтығысын құрайтын басқа да мән-жайлар болған кезде;
Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген негіздер болса, заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері
Егер ақпарат қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылған жағдайда, заң консультантына сұрау салынған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
Ескерту. 76-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру
Заң консультанты кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Егер заң консультанты заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған жағдайда, заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндет осы заңды тұлғаға жүктеледі.
Осы тараудың мақсаттары үшін кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс рәсімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға өзіне зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабарламау;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
5) сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсету процесінде өзіне мәлім болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария етуі түсініледі.
Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның осындай көмек көрсетуі нәтижесінде шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де талаптары заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері
Заң консультанттарының көмекшілері заң консультантының нұсқауы бойынша және жауапкершілігімен оның тапсырмаларын орындауға құқылы.
Ескерту. 77-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
77-2-бап. Заң консультантының құпиясы
Ескерту. 77-2-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
78-бап. Заң консультанттары палатасы
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
78-1 бап. Республикалық заң консультанттары алқасы
Республикалық заң консультанттары алқасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталары өкілдерінің құрылтай съезі құрады.
1) жоғары басқару органы – заң консультанттары палаталары өкілдерінің съезі;
2) тұрақты негізде жұмыс істейтін атқарушы басқару органы – төраға басқаратын басқарма;
3) қаржылық-шаруашылық қызметті ішкі бақылау органы – ревизиялық комиссия (ревизор) Республикалық заң консультанттары алқасының басқару органдары болып табылады.
1) заң консультанттары палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда заң консультанттары палаталарының мүдделерін білдіреді;
3) заң көмегі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және әдістемелік материалдар әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақтың қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР 09.06.2021 № 49-VII Заңымен.
Заң консультанты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес заң консультанттары палатасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына жарнаның мөлшері есептелмейді. Заң консультанты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі.
Ескерту. 78-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы
Заң консультанттары палатасының жарғысы палатаның уәкілетті орган бекітетін үлгілік жарғысы негізінде әзірленеді.
80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары
Заң консультанттары палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;
2) палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;
4) палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
5) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;
6) палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
7) заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
9) заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
9-1) заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
10) осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;
11) орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
12) практиканы қорытады және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
13) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
13-1) заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
13-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпаратты бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан заң консультанттарының қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, заң консультанттары палатасының жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері
Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Заң консультанттары палатасы тоқсан сайын уәкілетті органға заң консультанттары палатасына мүшелерді енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы ақпарат беруге міндетті.
82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.
Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі
Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.
Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.
Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және заң консультанттары палатасы белгілеген кешенді тестілеудің шекті балын жинаған үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды.
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) Қазақстан Республикасының заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар;
4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар адамдар;
5) теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
1) жоғары заң білімі туралы құжатты;
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;
3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;
4) аттестаттау нәтижелерін ұсынады.
Заң консультанты бір мезгілде осы Заңның талаптарына сәйкес келетін бір ғана заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.
Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер мұндай адам заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі. Осындай адамға ол туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасына толық мүшелігін растайтын құжат беріледі.
1) адамның осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;
2) адамды Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығару, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, негіз болып табылады.
Заң консультанттары палатасының заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешіміне уәкілетті органға шағым жасалуы мүмкін.
Дау реттелмеген кезде, уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
1) заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығу туралы заң консультантының өтініші негізінде;
2) жарғыда көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
1) өзіне қатысты заң консультанттары палатасында мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адамға;
2) егер адамды заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығару оның Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегiн көрсету туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғанына байланысты болса, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген барлық өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға;
3) уәкілетті органға жіберуге міндетті.
84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары
Мыналар:
1) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы;
2) алқалы басқару органы;
3) атқарушы басқару органы;
4) бақылау органы (ревизиялық комиссия) заң консультанттары палатасының басқару органдары болып табылады.
Заң консультанттары палатасында "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мамандандырылған органдар құрылуы мүмкін.
85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы
Заң консультанттары палатасының жарғысында заң консультанттары палатасы мүшелері жалпы жиналысының өзге өкілеттіктері де көзделуі мүмкін.
86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы
Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органының құзыреті, құрылу және қызмет ету тәртібі "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалады.
86-1-бап. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу
Ескерту. Заң 86-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы
Ревизиялық комиссияның құзыреті және қызмет ету тәртібі "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалады.
88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары
Заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді.
Жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде заң консультанттары және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам кәсіптік қызметті жүзеге асырмаған заң консультанттары мүшелік жарна төлеуден босатылады.
Кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аз кәсіптік қызмет өтілі бар заң консультанттары мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді.
Кіру жарналарына тыйым салынады.
Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
89-бап. Заң консультанттары палатасының ақпаратқа қол жеткізуді және оны құқыққа сыйымсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етуі
1) өз мүшелерінің құрамы туралы;
2) палата мүшелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері мен тәртібі туралы;
3) заң консультанттары палатасына өз мүшелiгін тоқтатқан мүшелер және олардың мүшелiгiн тоқтату негiздері туралы;
4) заң консультанттары палатасына мүшелік шарттары туралы;
5) заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының мазмұны туралы;
6) заң көмегі сапасының өлшемшарттары туралы;
7) заң консультанттары палатасы басқару органдарының және мамандандырылған органдарының құрылымы мен құзыреті, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы, заң консультанттары палатасының жеке-дара атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға туралы;
8) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы және алқалы басқару органы қабылдаған шешімдер туралы;
9) заң консультанттары палатасының мүшелерін Қазақстан Республикасы адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, қағидалар мен стандарттардың, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту жағдайлары туралы;
10) соттарға заң консультанттары палатасы берген, сондай-ақ палатаға қатысты берілген кез келген талап қоюлар және арыздар туралы;
11) қаржылық-шаруашылық қызмет туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есеп жөнінде ақпаратты;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) заң консультанттары палатасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы оларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
90-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімі
Осы Заңның 78-бабының талаптарына сәйкес келетін коммерциялық емес ұйым туралы мәліметтер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама негізінде заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін уәкілетті орган заң консультанттары палатасының осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын өзі дербес тексереді.
91-бап. Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару
Заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығаруға:
1) заң консультанттары палатасының заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымды тарату немесе қайта ұйымдастыру;
3) заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы заңды күшіне енген сот шешімі негіз болып табылады.