«Абай – пайда ойлама, ар ойла» атты «дөңгелек стол»

Абай – қазақ поэзиясының  биік шыңы, құдіретті ақыны. Абайдың жүрек шерімен жазған туындыларының  тағылымы мәңгілік  қымбат  қазына. Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ұлы десек артық айтқандық болмас… Абайдың мол әдеби мұрасы бұл күнде тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналып отыр. Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануы десек те болады. Әлем халқы бас иген дара тұлғамызды қай жағынан да әспеттесек біздің елдік, халықтық парызымыз болып саналады.

         2023  жылдың 10тамыз  күні Қостанай  облысының  Әділет департаментінде «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  «Өзгерістерді  өзіңнен баста»  кіші  бағдарламасын  жүзеге  асыру  шеңберінде Абай  Құнанбайұлының туған  күніне  орай «Абай – пайда ойлама, ар ойла»  атты  тақырыбында «дөңгелек стол» өткізілді.

Дөңгелек үстелдің кіріспе бөлімінде  Қостанай  облысы  Әділет  департаменті  басшысының  орынбасары аталмыш іс-шараның маңыздылығын, Абай мұрасының барлық уақытта өзектілігін, сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз тарихтан үлгі алып, ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсетіп отырған халықпыз. Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыты болуы тиіс. Абай - қазақ халқының жолының көрінісі. Халқымыздың рухани байлығын бүкіл әлемге танытқан ақынның жеке тұлғасының теңдесі жоқ» деген сөздерін атап өтті.

«Дөңгелек  столға»  филология  ғылымдарының  кандидаты, А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  өңірлік  университетінің  профессоры,  абайтанушы  Есіркепова Кенжегүл  Қабылғазықызы  ұлттың табиғи болмысымен біте қайнасқан Абай шығармаларының маңыздылығына тоқтала келіп,  университет аясында Абай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды іс-шаралар туралы баяндады.

Іс-шара  барысында  Әділет  департаментінің  қызметкерлері Абайды танудағы маңыздылығы, ұлы қазақ ақыны шығармаларының заманауи қоғамдық проблемалармен сабақтастығы мен үйлесімділігі, оның өлеңдері мен қара сөздерінің рухани жаңғырудағы құндылығы, күнделікті өмірдегі рөлі туралы мәселелері қозғалып  және  шығармасының үзінділерін  оқыды.

Ақын-гуманисттің ойлары шараға қатысушылардың рухани ойлауы мен дүниеге көзқарасын байытты және де тағы Ұлы Абайды еске алып, шығармашылығымен танысудың жақсы мүмкіндігі болды.

Дата публикации
15 августа 2023