Жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болуға құқылы.
Жеке сот орындаушысының лицензиясын алу үшін аумақтық орган ұсынатын мемлекеттік қызметтің келесі тәртібінен өту қажет.
Көрсетілетін қызметті беруші (аумақтық орган) өзінің интернет-ресурсында жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудың (бұдан әрі - аттестаттау) өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабарландыруды орналастырады.
Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушіге үкіметтің «www.egov.kz» веб-порталы арқылы өтініш жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
Егер дұрыс жауаптар саны сұрақтардың жалпы санынан 70 және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өтті деп есептеледі және екінші кезеңге жіберіледі.
Тестілеуді тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы танысу үшін көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, екіншісі-Комиссияға беріледі.
Ауызша әңгімелесу өткізу барысында Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін білуі қажет құқықтық пәндердің тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ қояды.
Аттестаттау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тиісті шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді. Аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан сәтті өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) судьялар, сондай-ақ тармақшаларда көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатқан адамдар 1), 2), 3), 9),10) және 12) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 34 - бабы 1-тармағының;
3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;
4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында кемінде екі жыл мемлекеттік органдарда жұмыс істеген адамдар.
Қостанай облысы Әділет департаментінің
атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету
бөлімінің бас маманы
Ж.Абитаева