«Атқарушылық іс жүргізудің новеллалары. Не өзгерді?»

     2022 жылғы 11 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

     Заңның 74-бабының 2-тармағында борышкердің тыйым салынған мүлікті сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен өткізу құқығы көзделген. Борышкер тыйым салынған мүлікті бір айдан аспайтын мерзімде өткізуге құқылы. Егер борышкер өз үйін сатса – мерзімі үш ай құрайды.  Борышкер тыйым салынған мүлікті өз бетінше өткізудің көрсетілген құқығын бір атқарушылық іс жүргізу бойынша бір рет қана пайдалана алады. Борышкер тыйым салынған мүлікті мүліктің бағалау құнының кемінде 75% құны бойынша сатуға құқылы. Бұл ретте Бағалау туралы есептің ескіру мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.

Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде қатыса алмайтын тұлғалардың тізбесі:

  • Кепіл ұстаушы және оның қызметкері, еншілес ұйымдар, сондай-ақ оларға сәйкес заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы шартпен байланысты тұлғалар;  
  • Заңды тұлға, егер сауда-саттыққа екінші қатысушы оның қызметкері немесе оның құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ өзі қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы шартқа сәйкес заңды тұлғаға байланысты тұлғалар болса;
  • Жеке тұлға, егер сауда-саттыққа екінші қатысушы оның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болса.

Тыйым салынған мүлікті сату процесі бірнеше кезеңдерге бөлінеді:  

  • Электрондық аукцион мүліктің құнын арттырудан басталады;
  • Егер қатысушылардың ешқайсысы мүліктің құның көтермесе, онда осы аукцион өтпеді деп танылады;
  • Өндіріп алушыға мүлікті өзінде қалдыру ұсынылады. Өндіріп алушы келіскен кезде мүлік оған сот орындаушысының борышкердің мүлкін сатуға беру туралы қаулысында көрсетілген баға бойынша беріледі;
  • Мүліктің құнын төмендетуге арналған қайталама аукционды сот орындаушысы бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң тағайындайды;
  • Мүліктің бағасы бастапқы құнының 50% - на дейін, ал жылжымайтын мүлікке қатысты 75% - ға дейін төмендетілуі мүмкін.
Дата публикации
13 сентября 2022