«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 27 бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабархатпен хабарландырылады.
Және де хабархат немесе шақыру қағазы ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдаланып жіберілуі мүмкін.
Осы себептерге сәйкес, осындай хабарландырулар келген кезінде сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша тиісті сот орындаушысына барған дұрыс.
Қостанай облысының Әділет Департаментінің
атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі