Қостанай облысы Әділет департаменті (бұдан әрі - Департамент) осымен, Департамент ғимаратында, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, почталық индексі – 110000, мекен жайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (714-2) 99-00-11жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау өткізілуі жоспарланып отырғандығын жеткізеді.
Үміткерлерге негізгі талаптар:
Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту үшін қажетті арыз, Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес нысаны қабылданады.
Аттестациядан өту үшін арыз үлгілерін, ақпараттар нысанын, сондай – ақ қызметпен айналысу лицензиясын алу үшін қажетті құжаттар тізбесін Қостанай облысы Әділет департаменті ресми сайтынан www.gov.kz/entities/adilet-kstнемесе8 (7142)99-00-11байланыс телефондарына телефон шалу арқылы мәлімет ала аласыздар.
Қостанай қ-сы, Тәуелсіздік к-сі, 38, 2 қабат
Жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімі