GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Заң қызметін ұйымдастыру
06 октября 2026
«Ашық есік күні» акциясы

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында III-тоқсанда Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 126-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Акция облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен, адвокаттар, нотариустар және заң консультанттарымен бірлесіп өткізілді.

Заң қызметін ұйымдастыру
17 июля 2026
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Заң нотариат институтын одан әрі жетілдіруге, нотариаттық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ нотариат қызметі саласындағы ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Заңның негізгі жаңалықтарының бірі – атқарушылық жазбаны жасау кезінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және микрокредиттік ұйымдардың өтініштерін нотариустар арасында кездейсоқ таңдау («барабан») қағидаты бойынша автоматты түрде бөлу тетігінің енгізілуі. Бұл теріс пайдалану мен сөз байласу әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ атқарушылық жазбаны борышкердің тіркелген жері бойынша ғана жасау талабы бекітілді. Бұл борышкердің құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Заңмен нотариустарға қойылатын талаптар күшейтілді. Дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға негіз болатын жағдайлардың қатарына енгізілді.
Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында басшылары, құрылтайшылары немесе акционерлері нотариустың жақын туыстары болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты нотариаттық әрекеттер жасауға қосымша тыйым белгіленді.
Реформаның маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік бақылауды жетілдіру болды. Нотариустарға қатысты бақылау іс-шаралары тікелей «Нотариат туралы» Заңмен реттелетін болады. Бұл нотариат қызметінің ерекшеліктерін ескеруге және бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар алғаш рет республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың төрағаларына, сондай-ақ тәртіптік комиссиялардың төрағалары мен мүшелеріне төрт жылдық бірыңғай өкілеттік мерзімі заңнамалық деңгейде белгіленді. Олар аталған лауазымдарды қатарынан бір мерзімнен артық атқара алмайды.
Тағы бір маңызды өзгеріс – конституциялық іс жүргізу заң көмегінің дербес бағыттарының қатарына енгізілді. Бұл азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қабылданған заңнамалық өзгерістер нотариаттың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтардың нотариаттық қызметтерге деген сенімін арттыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған.

 

Заң қызметін ұйымдастыру
08 июля 2026
«Ашық есік күні» акциясы

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында II-тоқсанда Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 179-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Акция облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен, адвокаттар, нотариустар және заң консультанттарымен бірлесіп өткізілді.

Тіркеу қызметі
07 июля 2026
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (АХҚО) өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 1 шілдеде Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің және Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (АХҚО) өкілдерімен Әділет министрлігінде жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту саласындағы алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, АХҚО қатысушыларына қатысты «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының функционалын жетілдіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысын қарастырды, сондай-ақ АХҚО-ның қаржылық емес компанияларына мониторинг жүргізу, АХҚО қатысушыларының адалдық критерийлері және компаниялардың АХҚО юрисдикциясынан ұлттық юрисдикцияға ауысуы мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық сервистерді жетілдіру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында алдағы уақыттағы өзара іс-қимылға дайындық расталды.

Тіркеу қызметі
24 июня 2026
Қазақстан Республикасы әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік көрсету қызметінің ерекшеліктері

Халықаралық ынтымақтастықтың дамуы және азаматтардың ұтқырлығының артуы жағдайында ресми құжаттарды мемлекеттің шегінен тыс жерде тану мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда.

Құжаттарды тану рәсімін жеңілдетудің ең тиімді тетіктерінің бірі – апостиль қою.

Қазақстан Республикасы 1961 жылғы 5 қазанда Гаагада қол қойылған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын алып тастайтын конвенцияның (бұдан әрі – Гаага конвенциясы) қатысушысы болып табылады. Конвенцияның ережелеріне сәйкес Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында пайдалануға арналған ресми құжаттар апостиль қою арқылы куәландырылады.

Апостиль ұғымы

Апостиль – бұл белгіленген үлгідегі арнайы мөртаңба, ол лауазымды тұлғаның қолының түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған тұлғаның қандай мәртебеде әрекет еткенін, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайды.

Апостиль қою құжаттың мазмұнын растамайды және оның аудармасын алмастырмайды, тек ресми құжаттың шығу тегін, оған қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығын және оның әрекет ету өкілеттігін куәландырады.

Әділет органдарының құзыреті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан, нотариустардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес аумақтық әділет органдарымен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу тәртібі

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші апостиль қойылуға жататын құжатты, сондай-ақ заңнамада көзделген құжаттарды ұсынады (өтініш, төлем, құжат).

Өтінішті қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган:

  • ресми құжатқа апостиль қояды;
  • не заңнамада белгіленген жағдайларда дәлелді бас тарту береді.

Апостиль қоюға ең жиі ұсынылатын құжаттар:

  • туу туралы куәліктер, неке қию туралы куәліктер, некені бұзу туралы куәліктер, қайтыс болу туралы куәліктер;
  • нотариаттық куәландырылған сенімхаттар, нотариаттық куәландырылған құжат көшірмелері;
  • әділет органдары, мемлекеттік органдары мен нотариустардан шығатын өзге де құжаттар.

Цифрландыру элементі ретінде электрондық апостиль

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасында электрондық апостильді (e-Apostille) беру мүмкіндігі іске асырылды, бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы маңызды кезең болды.

Электрондық апостиль – уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат. Оның түпнұсқалығы www.egov.kz электрондық үкімет веб порталында орналастырылған апостильдердің электрондық тізілімі арқылы тексеріледі.

Электрондық апостильді енгізу:

  • қызметті алу мерзімдерін қысқартуға;
  • жекелеген жағдайларда мемлекеттік органдарға жеке бару қажеттілігін болдырмауға;
  • шетелдік құзыретті органдардың апостильдің түпнұсқалығын жедел тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
  • құжат айналымының ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

Электрондық апостильді шетелде пайдаланудың ерекшеліктері

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының электрондық апостилі Гаага конвенциясының талаптарына және Конвенцияға қатысушы мемлекеттер қолданатын халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Электрондық апостильдің түпнұсқалығын электрондық тізілім арқылы тексеруге болады, бұл құжатқа деген жоғары сенімді қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Апостиль қоюдан бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде егер:

  • құжат әділет органдарының құзыретіне жатпаса;
  • құжатта оның түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтіретін түзетулер, бүлінулер немесе өзге де ақаулар болса;
  • лауазымды тұлғаның қолы немесе мөрі уәкілетті органдағы үлгілерде болмаса;
  • толық емес немесе анық емес мәліметтер ұсынылса және басқалар.

Қорытынды

Ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Электрондық апостильді енгізу цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы және азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қызметтің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.

Халықаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және электрондық апостильдерді тану тәжірибесін одан әрі кеңейту Қазақстан Республикасы құжаттарына халықаралық деңгейде деген сенімді нығайтуға және шетелде оқитын, жұмыс істейтін немесе тұратын азаматтар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Атап айту қажет, апостиль әрдайым ресми құжатты берген мемлекеттің құзыретті органы арқылы қойылады.

Осыған байланысты шет мемлекеттер берген құжаттарға тиісті мемлекеттің құзыреті органдары апостиль қоюға тиіс және мұндай құжаттарға Қазақстан Республикасында апостиль қойылмайды (мысалы, егер туу туралы куәлік Қытау Халық Республикасында берілген болса, онда аталған құжатқа апостильді осы мемлекет қою қажет, сот арқылы құжаттың ресми түрде берілгенін және оның заңдылығын растайды).

Тіркеу қызметі
26 мая 2026
Жоғарғы Сотта балалардың құқықтарын қорғауға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 21-22 мамырда Жоғарғы Сотта «Баланың ең үздік мүдделері – сот төрелігінің негізі: халықаралық стандарттар және ұлттық сот төрелігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара БҰҰБҚ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры), ЕҚЫҰ (Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) және «Құқық» қорының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Алаң балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелерін талқылау үшін судьяларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, құқық қорғаушыларды және әртүрлі елдердің сарапшыларын біріктірді.

Екі күндік форумның негізгі мақсаты – халықаралық құқықтық стандарттарды ескере отырып, ұлттық сот төрелігі жүйесінде «баланың ең үздік мүдделері» қағидатын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу болды.

Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың, Кассациялық соттың, жергілікті соттардың судьялары, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының, Оқу-ағарту, Әділет, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, адвокаттар және заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы Калимова Венера Қамысбайқызы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтарын қамтамасыз ету тетіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Сөз сөйлеу барысында балалардың тууын мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері саласындағы заңнаманы жетілдіру, азаматтығы жоқтықтың алдын алу тетіктерін енгізу және АХАТ қызметтерін цифрландыру мәселелері айтылды.

Кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан, буллингтен және киберқауіптерден қорғау шараларына, сондай-ақ алимент өндіру және балалардың мүддесі үшін сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар баяндамада балалардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, профилактикалық тетіктерді дамытуға және цифрлық кеңістікте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы Әділет министрлігінің іске асырылып жатқан жоспарлары көрініс тапты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық тәжірибе мен үздік практикалармен алмасты. Бұл бастамалар Қазақстан Республикасында баланың құқықтарын іске асыру және қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заң қызметін ұйымдастыру
20 апреля 2026
Өскемен қаласында өңірдің заңгерлер қауымдастығы үшін еңбек қатынастарын  құқықтық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырған семинар өтті.

Өскемен қаласында өңірдің заңгерлер қауымдастығы үшін еңбек қатынастарын  құқықтық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырған семинар өтті.

Іс-шараға адвокаттық қауымдастық өкілдері мен заң консультанттары қатысқан.

Қатысушылар жекелеген санаттардың еңбек құқықтарын қорғау  саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ еңбек дауларын шешуде еңбек заңнамасын қолданудың практикалық мысалдарын талқылады.

Семинар пікірталас алаңына айналып, қатысушылар көптеген практикалық сұрақтар қойып, сарапшылар тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар берілді.

Заң қызметін ұйымдастыру
13 апреля 2026
«Ашық есік күні» акциясы

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында І тоқсанда Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 158-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Акция облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен, адвокаттар, нотариустар және заң консультанттарымен бірлесіп өткізілді.

Тіркеу қызметі
04 февраля 2026
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі  –  бiрлестiктер мен ұйымдар)  аккредиттеу жүргізуді жариялайды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) Министрлікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.

Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Министрлікке электрондық нысанда (kanc@adilet.gov.kz электронды поштаға):

1) жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.

Сонымен бірге, аккредиттелген бірлестіктер мен  Министрлік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің бас сарапшысы Ж.Б. Абилхайровқа мына телефон номермен хабарласа аласыз: 8(700-552-54-57 WhatsApp).

Заң қызметін ұйымдастыру
03 декабря 2025
«Ашық есік күні» акциясы

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ІV тоқсанда Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 145-тен астам іс-шаралар ұйымдастырды.

Акция облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен, адвокаттар, нотариустар және заң консультанттарымен бірлесіп өткізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы