Меню

Страницы

Статья

«Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортты беру тәртібі»

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікке жаңа бірыңғай сәйкестендіру құжаты - жер учаскесінің және жылжымайтын мүлік объектісінің сипаттамаларын қамтитын жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты жер учаскелеріне актілер мен техникалық паспорттарды біріктіру жолымен енгізілді.

Бұған дейін заңнамада сәйкестендіру құжаттарын - жер учаскелеріне актілерді және жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттарды беру көзделген болатын.

Кадастрлық паспортты жүргізу жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының (құқықтық және жер кадастрларынан алынған мәліметтерді шоғырландыратын) ақпараттық жүйесін іске қосумен байланысты.

Кадастрлық паспортты беруді «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгіне алады не осы қызметті «электрондық үкімет» порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсына отырып ала алады:

- жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын алуға өтініш;

- жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

- жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;

- екі кезеңде ұсынылатын жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын бергені үшін төленгенін растайтын құжат:

мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берген кезде төлем жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған кезде жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық төлем (қосымша төлем) жүргізіледі.

Кадастрлық паспортқа төлеу құны жылжымайтын мүлік объектісінің түрінен айқындалады және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларымен реттеледі.

Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеру жылжымайтын мүлік объектілерін реконструкциялау, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау) нәтижесінде олардың техникалық немесе сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде не азаматтардың қалауы бойынша ғана жүргізіледі.

Жылжымайтын мүлік объектісіне байланысты дайындау және беру мерзімі үш күннен он жұмыс күніне дейін құрайды.

Бұл ретте бұрын берілген жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттары және жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттар өздерінің заңды күшін сақтайды.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
13 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
08 июля 2026
«Ашық есік күні» акциясы
Талдамалық мақала
24 июня 2026
Қазақстан Республикасы әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік көрсету қызметінің ерекшеліктері
Талдамалық мақала
26 мая 2026
Жоғарғы Сотта балалардың құқықтарын қорғауға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы