Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді.

Аталған іс-шаралардың мақсаты – азаматтардың білікті заң көмегін алу жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыру және құқықтық көмектің қоғамның барлық топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Акциялар аясында екі мыңнан астам азамат заң кеңесін алу үшін жүгінді. Негізгі мәселелер мұра рәсімдеу, отбасылық және еңбек даулары, алаяқтық, алимент өндіру, атқарушылық өндіріс бойынша қойылған тыйымдарды шешу,  нотариаттық әрекеттер және мүліктік құқықтарды қорғау тақырыптарына қатысты болды.

Құқықтық кеңес беру жұмыстарын әділет органдарының өкілдері, тәжірибелі адвокаттар мен заңгерлер, нотариустар және сот орындаушылары жүргізді.

Іс-шаралар барысында азаматтар өздерін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша білікті заң көмегін, жауаптар мен ұсыныстар алды.

Мұндай акциялар нақты мәселелерді шешуге ғана емес, жалпы қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға да ықпал етеді.

Дата публикации
19 августа 2025
Дата обновления
19 августа 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
08 июля 2026
«Ашық есік күні» акциясы
Талдамалық мақала
24 июня 2026
Қазақстан Республикасы әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік көрсету қызметінің ерекшеліктері
Талдамалық мақала
26 мая 2026
Жоғарғы Сотта балалардың құқықтарын қорғауға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы