Меню

Страницы

Статья

Түркістандағы семинарда заңгерлер Алимент өндірудің халықаралық тетіктерін талқылады

Түркістанда Елдің түкпір-түкпірінен 650-ден астам адвокаттар мен заң консультанттарын жинаған «Алимент өндіріп алу бойынша халықаралық құқықтық көмек. Ұлттық құқық қолдану ерекшеліктері» тақырыбында ауқымды семинар-тренинг өтті.

Іс-шара ЕҚЫҰ қолдауымен Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Қатысушылар алдында басым мәселелер бойынша сөз сөйлегендер:

• Талғат Жангелдіұлы Тасқожин, сот әкімшілігінің халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

• Гаухар Жұлдызханқызы Егенбердиева, Сот әкімшілігінің бас консультанты;

• Сауран Бақтыбек Смағұлұлы, Түркістан облысының кәмелетке толмағандар суда жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

• Аржан Арманұлы Сәдуақас, заң консультанты.

Қатысушыларға БҰҰ-ның шетелде алимент өндіріп алу туралы Конвенциясының, балаларға алимент өндіріп алудың халықаралық тәртібі және отбасын асыраудың басқа да нысандары туралы Гаага Конвенциясының негізгі ережелері, сондай-ақ осы саладағы трансшекаралық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар шынайы диалог үшін интерактивті алаңға айналды: заң қоғамдастығының өкілдері көптеген практикалық сұрақтар қойып, оларға спикерлер тарапынан жан-жақты және кәсіби жауаптар берілді.

Әділет министрлігі құқықтық мәдениетті нығайтуға және отбасы құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ете отырып, осындай іс-шараларды 2024 жылдан бастап тұрақты негізде жүргізуді жалғастыруда.

Дата публикации
17 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 июля 2026
«Ашық есік күні» акциясы
Талдамалық мақала
24 июня 2026
Қазақстан Республикасы әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік көрсету қызметінің ерекшеліктері
Талдамалық мақала
26 мая 2026
Жоғарғы Сотта балалардың құқықтарын қорғауға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы