2026 жылдың I-жартыжылдығына арналған нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы

10.12.2025 жылғы №740 бұйрық

«Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17706 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Әділет департаменттерінің 2026 жылдың I-жартыжылдығына арналған нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Әділет департаменттерінің басшылары нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізуді бекітілген тізімге сәйкес қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті 2026 жылдың I-жартыжылдығына арналған нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                          Е.Ж. Сәрсембаев

Дата публикации
10 февраля 2026