10.12.2025 жылғы №739 бұйрық
«Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 627 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 99 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19848 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысының Әділет департаментінің 2026 жылдың
I-жартыжылдығына арналған заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысының Әділет департаментінің басшысы заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды өткізуді бекітілген тізімге сәйкес қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті 2026 жылдың I-жартыжылдығына арналған заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Е.Ж. Сәрсембаев