21.11.2025 ж. № 687
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалары осы бұйрыққа 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
1, 2 және 3-қосымшалары осы бұйрыққа 13, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
2-қосымша осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
4-қосымша осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
|
Е. Сарсембаев |