Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

23.10.2025ж. № 586

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағы 5)  тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылғы 26 қазанында Серик Джапсарбаевич Доспанбетовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 17018346 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы С.Д. Доспанбетовтың, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.К.Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 26.09.2025 ж. № 01-1/35867-вн ұсынысы, Жамбыл облысы Тараз қаласы №2 сотының 13.02.2025 жылғы №3111-25-00-1/18 үкімі, Жамбыл облыстық сотының 03.09.2025 жылғы № 3199-25-00-1а/205 қаулысы.

 

 Вице-министр                                          Б. Жакселекова

 

 

 

Дата публикации
24 октября 2025