16.10.2025ж. № 575
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Раушан Калыбаевна Карабаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 7 мамырда берілген № 0001416 мемлекеттік лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 626 бұйрығының күші жойылсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус Р.К. Карабаеваның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Негізі: Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 4 қазандағы шешімі.
Вице-министр Б. Жақселекова