Лицензияның күшiн тоқтату туралы

15.10.2025ж. № 304

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асель Амиргалиевна Досмухамбетоваға  нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2024 жылғы
2 ақпанда берілген № 24003034 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Абай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Досмухамбетованың назарына жеткізсін;

2) БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;

3) жекеше нотариус А.А. Досмухамбетованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус
А.А. Досмухамбетованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 2 қазандағы № -1/36901-вн ұсынысы, Абай облысы Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі шешімі, Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысы.

 

Төраға                                                                        В.Калимова

Дата публикации
16 октября 2025