Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

14.10.2025ж. № 301 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дана Боранбаевна Абильмажиноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы
13 желтоқсанда берілген № 22023835 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Б. Абильмажинованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың БНАЖ жүйесіне қолжетімділігін тоқтата тұру туралы шаралар қабылдасын;

3) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Б. Абильмажинованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 1-1/35385-вн ұсынысы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық  сотының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі ұйғарымы.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
15 октября 2025