Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

10.10.2025ж. № 299 

 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылғы 1 желтоқсанда Михаил Юрьевич Григорьевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0002738 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрықты М.Ю. Григорьевтің назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: 2025 жылғы 15 қыркүйектегі жеке сот орындаушы Б.А. Жансакаловтың лицензиялар, рұқсаттар және арнаулы құқықтар беру мен қолдану саласындағы уақытша шектеуді алып тастау туралы қаулысы.

 

 Төраға                                                                     В. Калимова

Дата публикации
14 октября 2025