02.10.2025ж. № 285
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 1)-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2015 жылдың 08 қыркүйегінде Валентин Сергеевич Лобачқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 15016283 мемлекеттік лицензиясының қолданысы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізудің қозғалуына байланысты шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаментімен аталған лицензия қолданысын тоқтата тұру туралы В.С. Лобачтың, Алматы қаласы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 22.08.2025 ж. ұйғарымы, Алматы қаласы Әділет департаментінің 08.09.2025 жылғы № 01-1/33659-вн ұсынысы.
Төраға м.а. Д. Кусаинов