Нотариат қызметі саласында мөлшерлемелерді есептеу әдістемесін әзірлеу жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру үшін жұмыс тобын құру туралы

27.09.2025ж. № 534  

Нотариат қызметі саласында қолданылатын мөлшерлемелердің негізділігін қамтамасыз ету және нотариат саласын жетілдіру мен реттеу жөніндегі міндеттерден туындай отырып, Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 20 қазанға дейінгі мерзімде нотариат қызметі саласында мөлшерлемелерді есептеу әдістемесін әзірлеу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құру.

2. Жұмыс тобының жұмыс органы ретінде Комитетті айқындау.

3. Жұмыс тобына 2026 жылғы 16 наурызға дейінгі мерзімде нотариат қызметі саласында мөлшерлемелерді есептеу әдістемесінің жобасын әзірлеп, енгізуді қамтамасыз ету.

4. Комитетке:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз ету.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселековаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

 

Е. Сәрсембаев

 

Дата публикации
03 октября 2025