Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

30.09.2025Ж. № 283 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алтын Джолдыбаевна Каджановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 26 шілдеде берілген № 22013894 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Д. Каджанованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Д. Каджанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 11.09.2025 жылғы № 01-1/34095-вн ұсынысы, 13.08.2025 жылғы Маңғыстау облысының Ақтау қаласы № 2 сотының талап қою ісін жүргізуге қабылдау туралы ұйғарымы.

 

Төраға м.а.                                                              Д. Кусаинов

Дата публикации
01 октября 2025