22.09.2025ж. № 273
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және Заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы 24 ақпандада Сержан Сәмидоллаұлы Токмурзинге адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0002924 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Атырау облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше адвокат С.С. Токмурзиннің назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Атырау облыстық адвокаттар алқасының өтінішхаты, адвокат С.С. Токмурзиннің өтініші.
Төраға В. Калимова