Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

30.09.2025ж.№ 280 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Аслан Магидулаевич Каримовке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы
6 қаңтарда берілген № 22000066 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.М. Каримовтің назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 01-1/36221-вн ұсынысы, жекеше нотариус А.М. Каримовтің арызы.

 

 

Төраға м.а.                                                               Д. Кусаинов

 

Дата публикации
30 сентября 2025