Лицензияның күшiн тоқтату туралы

29.09.2025ж.№ 278 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алия Бейбутовна Аскароваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылы 19 қыркүйекте берілген № 23020476 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Аскарованың назарына жеткізсін;

2) БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;

3) жекеше нотариус А.Б. Аскарованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Аскарованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2025 жылғы 9 қыркұйектегі № 1-1/33731-вн ұсынысы, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 11 маусымдағы үкімі, Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 шілдедегі қаулысы.

 

Төрағаның м.а.                                                       Д. Кусаинов

Дата публикации
30 сентября 2025