Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

26.09.2025ж. № 276

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылдың 21 қаңтарында Дидархан Махамбетжанулы Саламатовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 22000847 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 4 қыркүйекке дейінгі мерзімге тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат Д.М. Саламатовтың, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 01-1/35205-вн ұсынысы, адвокат Д.М. Саламатовтың өтініші.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

 

 

Дата публикации
26 сентября 2025