25.09.2025ж.№ 275
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мурад Даудович Балхаевтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы 26 қазанда берілген № 17018362 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Д. Балхаевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус М.Д. Балхаевтың БНАЖ-ға қол жеткізуін тоқтату туралы шаралар қабылдасын;
3) жекеше нотариус М.Д. Балхаевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Д. Балхаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Балхаш қалалық сотының 2025 жылғы 11 ақпандағы шешімі және Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2025 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысы.
Төраға В. Калимова