16.09.2025ж.№ 269
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылғы 15 ақпанда Сеит Нурболатулы Абишевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген
№ 22002873 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше адвокат С.Н. Абишевтың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысы.
Төраға м.а. Ш. Бекенова