12.09.2025ж.№ 267
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылғы 10 сәуірде Жасулан Кабылбайулы Танатаровқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 17006121 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2026 жылғы 18 шілдеге дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат Ж.К. Танатаровтың, Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы №583/25-И өтінішхаты, адвокат Ж.К. Танатаровтың 2025 жылғы 18 шілдедегі өтініші.
Төраға В. Калимова