12.09.2025ж. № 264
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Олеся Юрьевна Искаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 25 желтоқсанда берілген № 14019587 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Қостанай облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус О.Ю. Искакованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № -1/33144-вн ұсынысы, жекеше нотариус О.Ю. Искакованың арызы.
Төраға В. Калимова