Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

12.09.2025ж. № 263 

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылғы 13 мамырда Гульнара Болатовна Жамбурбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000025 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Қарағанды облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Б. Жамбурбаеваның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № -0401/2061-вн ұсынысы, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 тамыздағы қаулысы, жекеше нотариус Г.Б. Жамбурбаеваның өтініші.

 

Төраға                                                                       В. Калимова

Дата публикации
16 сентября 2025